АЛТЫНОРДА
Новости

Үкіметтің зейнеткерлік жасты ұлғайту жөнінде ешбір объективті себептері жоқ.

Қазақстанның орташа статистикалық тұрғыны зейнеткерлікке шыққан соң тоғыз жыл өмір сүреді. Ал Сингапур елінің тұрғыны тағы 13 жыл, Өзбекстан тұрғыны – жеті жыл, Моңғолия тұрғыны екі жыл артық өмір сүреді екен. Осындай қорытындыға «Казпотребнадзор» ҚБ мен «Рейтинг.kz» Зерттеу агенттігінің әлемнің барлық елдеріндегі зейнеткерлік жасқа жүргізілген зерттеуі көрсетіп отыр.

Қазіргі заманның басты жалпы әлемдік мәселесі халықтың тез қартаюы болып отыр. Сондықтан да әлемнің көптеген елдеріндегі зейнеткерлік жасты ұлғайтуы соның бір салдары болмақ. Қазақстанда да алдағы уақытта әйелдердің зейнеткерлік жасын біртіндеп 63-ке жеткізуді жоспарлап отыр. Бірнеше күн бұрын ҚР Вице-премьері Қайрат Келімбетов алдағы 10 жыл ішінде ішінде бірте-бірте әйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайтатынын мәлімдеді. Оның ойынша, осындай шешімнің себебі жүктілігі мен босануы бойынша демалысқа шығу нәтижесінде әйелдердің жұмыстағы үзілістері болып отыр. Келімбетов мырзаның ойына сүйенетін болсақ, егер де қазақстандық әйелдер бала санын аз туып жатса, онда мұндай шешім қабылданбас еді.

Зейнеткерлік жасты ұлғайту бастамасының негізділігін тексеру үшін «Казпотребнадзор» ҚБ мен «Рейтинг.kz» Зерттеу агенттігі зейнеткерлікке шыққан азаматтардың өмір сүру ұзақтығы рейтингісін жасады. Сараптау негізінде тұрған көрсеткіш азаматтардың зейнеткерлік жасқа жету мүмкіншілігі мен қазіргі зейнеткерлік жастың жалпы негізділігін көрсетеді. Яғни, рейтингтегі көшбасшы елдерде зейнеткерлік жасты ұлғайтудың объективті негіздері бар болса, өз кезегінде аутсайдер елдер жасты ұлғайту емес, керісінше төмендету керектігін ескеру қажет.

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

 Зейнеткерлікке шыққан азаматтардың өмір сүру ұзақтығы рейтингісінде Сингапур мемлекеті бірінші орынға ие (22 жыл) болды. Осындай көрсеткіш аталмыш елдің күтілетін өмір сүру ұзақтығының жоғары көрсеткішімен  (84 жас) байланысты. Сонымен қатар, Сингапур елінде зейнеткерлік жас – 62 (ер азамат пен әйелдер үшін) жыл екен. Оған қоса, еліміздің саяси элита өкілдері бағдар ретінде осы елді атап жүргендігін ескеру қажет.

Рейтингтегі көшбасшылар үштігіне Италия мен Франция мемлекеттері кіріп отыр. Аталмыш елдердің үкіметтерінде зейнеткерлік жастың ұлғайтуының негізгі себептері бар болғанымен, осы мемлекеттердің халқы үлкен наразылық білдіруде. Бір қызығы, наразылық шерулерге зейнет жасына келген азаматтар емес, қайта жастар шығып отыр екен. Студенттер мен оқушылардың осы шеруге шығу себебі ретінде зейнеркерлікке шығу жасы ұлғайту арқылы жасы үлкен азаматтар жұмыс орнын  босатпайтынына алаңдаушылық білдіретінін көрсетеді.

Рейтингтің төртінші орнына Қытай (19 жыл) орналасты. Атап кететін бір жәйт, осы мемлекетте ауылды аймақтарда тұратын азаматтарға зейнетақы қарастырылмаған екен. Мемлекеттің мына сатыға орналасуы елдегі ер азаматтар үшін 60 жас, ал әйелдер үшін 50-55 жаста зейнетке шығуымен түсіндіріледі. Сонымен қатар Қытайда өмір сүру ұзақтығы 43-тен 75 жасқа жеткенімен, зейнеткерлік жас 60 жылдан астам көтерілмегенін атап өтуге болады.

Рейтингтегі келесі жиырма орындарға еуропалық мемлекеттер орналасты. Оған қоса, осы тізімге Австралия мен Канада елдері еніп отыр. Осы елдердің зейнеткерлікке шыққан азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы — 15-18 жыл. Рейтингтің жоғары сатысына 17 жыл көрсеткішімен Греция мемлекеті (экономикасында жүйелі проблемалар болғанымен) орналасты.

Ал посткеңестік кеңістікте рейтингтегі көшбасшылық орынға Өзбекстан (21 орын) ие болды. Өзбекстанның мұндай көрсеткішке жетуі зейнеткерлікке шығу жасымен         (ер азаматтар үшін 60, әйелдер үшін 54 жас) байланыстырылады.Өзбекстан елі посткеңестік кеңістікте зейнеткерлік жасты қысқартқан жалғыз ғана мемлекет болып отыр.  1999 жылы Президенттің қаулысымен әйел жылы деп жариялаған уақытта өзбек қоғамындағы нәзік жандылардың жасын бір жылға (кеңес заманына қарағанда) азайтты. Көрші ел зейнеткерлік жасты ұлғайту арқылы үлкен жұмыссыздық проблемасының туындайтынын біліп отырғаны байқалып отыр.

Кедендік одаққа мүше Белорусь елі рейтингтің 34 орнына (14 жыл) орналасты. Осындай нәтижеге кеңес заманындағы зейнеткерлік жастың сақталуы арқылы жетті. Дегенменде бұл елде зейнеткерлік жасты ұлғайту мәселесі талқыланып жатыр.

Қазіргі таңда 60 мемлекеттің ішінде Қазақстан 53 орынды иеленді. Моңғолиямен салыстыратын болсақ, аталмыш мемлекет 46 орынға орнықты және қазақстандықтардан екі жылға артық өмір сүретіні анықталды. Сонымен қатар, орташа статистикалық ел тұрғыны Сингапур мемлекетінің тұрғынымен салыстырғанда құрметті еңбек демалысын 2,4 есе кем пайдаланады. ТМД елдері арасында Қазақстан Ресейден, Қырғызстаннан, Молдова мен Тәжікстаннан алда тұр. Рейтингте Қазақстанның төменгі орынға орналасуы өмір сүру ұзақтығының аздығы (11 орын) түсіндіріледі.

Егер де әйелдердің зейнеткерлік жасын 63-ке жеткізетін болсақ, онда Қазақстан бірден 58 орынға түседі. Сонда мемлекет Пәкістан мен Тәжікстанның алдында тұрады


Рейтингтегі орын  

Мемлекет  

Күтілетін өмір сүру ұзақтығы  Зейнеткерліктің орташа шығу жасы (ер азамат пен әйелдер арасында) Зейнеткерлікке шыққан азаматтың орташа өмір сүру ұзақтығы
1 Сингапур 83,75 62 21,75
2 Италия 81,86 61,65 20,21
3 Франция 81,46 62 19,46
4 Қытай 74,84 56 18,84
5 Мальта 79,25 60,5 18,75
6 Ұлыбритания 80,17 62,5 17,67
7 Люксембург 79,75 62,2 17,55
8 Лихтенштейн 81,5 64 17,5
9 Австрия 79,91 62,5 17,41
10 Швеция 81,18 64 17,18
11 Австралия 81,9 65 16,9
12 Греция 80,05 63,2 16,85
13 Швейцария 81,17 64,5 16,67
14 Израиль 81,07 64,5 16,57
15 Канада 81,48 65 16,48
16 Испания 81,27 65 16,27
17 Финляндия 79,41 63,3 16,11
18 Германия 80,19 64,15 16,04
19 Нидерланд 80,91 65 15,91
20 Албания 77,59 61,75 15,84
21 Өзбекстан 72,77 57 15,77
21 Ирландия 80,32 64,55 15,77
23 Дания 78,78 63,15 15,63
24 Чехия республикасы 77,38 61,815 15,57
25 Словения 77,48 62 15,48
26 Вьетнам 72,41 57,5 14,91
27 Португалия 78,7 63,8 14,9
28 Грузия 77,32 62,5 14,82
29 Бельгия 79,65 65 14,65
30 Литва 75,55 61,25 14,3
31 Сербия 74,56 60,5 14,06
32 Словакия 76,03 62 14,03
33 Исландия 81 67 14
34 Беларусь 71,48 57,5 13,98
35 Босния и Герцеговина 78,96 65 13,96
36 Жапония 83,91 70 13,91
Орташа көрсеткіштер 76,08 62,35 13,74
37 АҚШ 78,49 65 13,49
38 Хорватия 75,99 62,5 13,49
39 Норвегия 80,32 67 13,32
40 Венгрия 75,02 62 13,02
41 Кипр 78 65 13
42 Македония 75,36 63 12,36
43 Эстония 73,58 61,75 11,83
44 Әзірбайжан 71,32 60 11,32
45 Украина 68,74 57,5 11,24
46 Моңғолия 68,63 57,5 11,13
47 Латвия 72,93 62 10,93
48 Армения 73,49 63 10,49
49 Румыния 74,22 64 10,22
50 Болгария 73,84 64 9,84
51 Түркменістан 68,84 59,5 9,34
52 Польша 76,25 67 9,25
53 Қазақстан 69,63 60,5 9,13
54 Ресей 66,46 57,5 8,96
55 Қырғызстан 69,45 60,5 8,95
56 Непал 66,51 58 8,51
57 Үндістан 67,14 60 7,14
58 Молдова 69,51 62,5 7,01
Қазақстан (реформадан кейін) 69,63 63 6,63
59 Пәкістан 66,35 60 6,35
60 Тәжікстан 66,38 60,5 5,88

ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН БОЛЖАМДАР

 Үкіметті зейнеткерлік жасты ұлғайту мәселесінде бюджеттегі қаржының тапшылығы мен бірыңғай зейнетақы қорының құрылуы итермелейді деп болжауға болады.

Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, зейнеткерлік жасты ұлғайтудың объективті себебі біреу ғана – ол халықтың тез қартаюы. Әрине, Қазақстан үшін бұл мәселе өте өзекті. Дегенменде рейтингте көрсетілген мемлекеттермен салыстыратын болсақ, онда бұл мәселе Қазақстан үшін аса маңызды емес. Ал үкіметтің дәлелдері сенімді ұялаттырмайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сүйенетін болсақ, зейнеткерлік жасты ұлғайту мыналар үшін қажет:

1). Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі мен зейнетақының жинақ көлемін көбейту үшінҚазақстанда басты проблема зейнетақы жарнасын жинаудың ұзақтығы емес, азаматтардың басым көпшілігінің жинақтаушы жүйеге жүйелі түрде қатыспауы болып табылады. Соның салдарынан латентті жұмыссыздықтың тууына әкеліп соғады және өзін-өзі қамтамасыз етіп отырған азаматтар зейнетақы қорларға өз жарналарын бөлмейді. Мұндай тәжірибе нәтижесінде ынтымақты жүйені алып тастау арқылы болашақта азаматтардың көбінде зейнетақысы мүлдем болмайды. Сөйтіп, болашақта ауылда тұратын халық зейнетақысыз қалуы ықтимал. Басқаша сөзбен айтсақ, зейнеткерлік жасты ұлғайту үрдісі азаматтардың жинағының өсіміне әкелмейді.

2). «baby–boom» ұрпағының (соғыс жылдарынан кейін туылғандар) қартаюына байланысты демографиялық ауыртпалықтың коэффициент өсімін тегістеу үшін. Соғыс жылдарынан кейін туылған азаматтардың балалары 70-80-жж. дүниеге келген еді. Сөйтіп демографиялық жарылыстың нәтижесінде зейнеткерлер санының өсімі байқалды. Бұндай мәліметтерді ресми статистика айғақтайды. Сонымен бірге аталмыш «baby–boom» үрдісі басқа да елдерде байқалды. Бірақ та сол елдердің үкіметі зейнеткерлік жасты ұлғайтуға асығар емес. Жарқын мысал Өзбекстан мемлекеті (табиғи байлықтарының аз болса да) бола алады.

3).Экономикалық белсенді жасты ұзарту арқылы еңбек нарығына қосымша еңбек ресурстарды қатыстыру мүмкіндіктерін кеңейту үшін. Ресми деректер бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,4% құрайды. Жұмыспен қамтылмаған халықтың басым бөлігін өзін-өзі қамтамасыз етіп жатқандардың қатарына енгізу және жұмыссыз ретінде тіркелу процедурасының тым төрешілдігі нәтижесінде осындай көрсеткішті көрсетіп отыр. Дұрыс пікірлі қазақстандық шынайы жұмыссыздықтың ресми деректерден тым жоғары екенін біледі. Сонымен, Қазақстанның еңбек нарығында еңбек кадрлардың тапшылығы жоқ. Қайта керісінше, басты мәселе жұмыс орнының (әсіресе, ауылдарда) жетіспеушілігінде.

Зейнеткерлік жасты ұлғайту арқылы жастар арасындағы жұмыссыздық туындауына әкеліп соғады. Осыдан бірнеше күн бұрын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов 2020 жылға дейін Жастар саясатының даму Тұжырымдамасының міндеттерінің бірі жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады. Сөйтіп, министр мен үкімет арасындағы сөз бен істің тікелей қарама-қайшылығын көріп отырмыз.

Сонымен қатар, зейнеткерлік жасын ұлғайту қатты әлеуметтік толғанысқа және билікке сенім деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Шетел мемлекеттерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, барлық азаматтар үшін зейнеткерлік жас өте өзекті болмақ. Әрине, үкіметтің зейнеткерлік жасты ұлғайту мәселесіндегі дәлелдері мағынасыз болып табылады. Сонда билік осындай тиімсіз қадамға баруға мәжбүрлеуі мынадай мәселелер итермеледі:

1).Бюджетте қаржының тапшылығы – мүмкіндігі бар ең танымал себеп. Бәлкім, үкімет мүмкіндігі ықтимал экономикалық толқуларға қарсы «қауіпсіздік жастығын» даярлап отыр. Бірақ та Қазақстан шикізат державасы болған соң, пайдалы қазбалардан түскен табыс жоғары деңгейде тұр.

2). Бірыңғай зейнетақы қорын құру. Барлық зейнетақы қорларды бірыңғай мемлекеттік қорға біріктіруге мәжбүрлеген соң, үкімет мойнына төлемдерге кепілдік беру туралы жауапкершілік түседі. Бірақ та зейнетақы қорларындағы активтерінің сапасын бағалау үшін ашық көздерде толық ақпарат жоқ. Басқаша айтқанда, кейбіреулерінде зейнетақы ақшалары жоқ болуы мүмкін. Ал мемлекеттің зейнетақы қорларының «түсініксіз» активтерін сатып алу қаупі бар. Сондықтан да зейнеткерлік жасты ұлғайту мәселесі Х – уақытының (қазақстандықтардың жинаған ақшаларын төлей алмау қабілетсіздігі кезінде) созылуына септігін тигізеді.

ҰСЫНЫСТАР

Сараптама нәтижесі мен келтірілген қорытындылардан зейнеткерлік жасты ұлғайтудың ещ себебі жоқтығын көріп отырмыз. Сондықтан «Казпотребнадзор» ҚБ мен «Рейтинг.kz» ЗА ел үкіметінен әйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайту жоспарынан бас тартуын талап етеді.

Зейнетақы саласындағы мәселелерді шешу үшін төмендегі ұсыныстар ұсынылады:

1).Норвегияның тәжірибесіне сүйене отырып, зейнеткерлерді лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету үшін Ұлттық қорда сақталған бағалы қағаздардан түскен табыстарды бөлу. Сөйтіп, аталмыш ұсыныс Ұлттық қордың «Болашақ ұрпақ қорына» кері трансформациясын білдіреді. Кезінде Қазақстандағы Ұлттық қор осылай аталған болатын.

2). Мемлекет тарапынан жұмысбасты әйелдер үшін (жүктілігі мен босану демалысы кезінде) қосымша өтемақыларды енгізу. Босануға дейінгі әйелдердің соңғы жылдарының орташа төлемінің 50% мемлекет тарапынан жинақтаушы зейнетақы қорына бөліп тұру. Мұндай механизмді бала тууына байланысты әлеуметтік төлемдерді шектеудегі өтемақы ретінде қарастыруға болады.

ӘДІСТЕМЕ

Зейнеткерлікке шыққан азаматтардың өмір сүру ұзақтығы рейтингісіне 60 мемлекет еніп отыр. Рейтингте күтілген өмір сүру ұзақтығы мен қазіргі зейнеткерлік жас өлшемдері алынған болатын. Күтілген өмір сүру ұзақтығы туралы ақпарат (2012 жылғы ақпаратhttp://mostinfo.su/ сайтынан алынды. Әлемнің түрлі елдеріндегі зейнеткерлік жас туралы ақпараттар әр түрлі көздерден алынды. Кейбір елдерде зейнеткерлік жас түрлі әлеуметтік топтармен ерекшеленсе, онда орташа көрсеткіштер алынды. Осыған орай, мәліметтер кішкене дәлсіздікті көрсетуі ықтимал, бірақ та сараптау нәтижесіне мүлдем әсер етпеді.

Азаматтардың зейнеткерлікке шығудың орташа жасы ер азаматтар мен әйелдер арасындағы орта арифметикалық көрсеткішті білдіреді. Зейнеткерлікке шыққан азаматтардың өмір сүрудің орташа ұзақтығы күтілген өмір сүру ұзақтығынан есептелінді. Мұндай көрсеткіш елдің барлық әлеуметтік топтарына қолдануға болады.

 

http://ult.kz/kz