Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Сауалнаманы жүргізген – Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТОВА

Бағдат ЕСЕНБЕКОВ, Алматы қаласындағы Достық білім беру орталығының директоры:

– Бұл жерде нақты біреуді кінәлауға болмайды. Менің ойымша, биыл ұлттық бірыңғай тестілеу әділ өтті. Осы жылы тест жауаптарын көшіруге рұқсат берілген жоқ, балалардан қаншама ұялы телефондар, шпаргалкалар алынып жатты. Оқушылар арасында оқуға мән бермей, көшіре саламыз деген оймен төмен балл алып қалғандары болуы мүмкін. Негізінде мұға­лім­дер сабақты жақсы беретініне күмәнім жоқ. Мы­салы ҰБТ-да қазақ тілінен 25 сұрақ болса, соның 4 сұрағы фонетика, 3 сұрағы лексика, 2 сұрағы сөзжасам, 8 сұрағы морфология, 7 сұрағы синтаксис бойынша болады ғой. Ал фонетика, лексиканы бала 5 сыныпта, морфологияны 6-7 сыныпта, синтаксисті 8- 9 сыныпта өтіп кеткен. Ал 10-11 сыныпта ше­шен­дік пен сөз мәдениетін меңгереді, ол жерде теорияны оқымайды. Сон­дық­тан екі жылда бала теорияның бәрін ұмытып қалып жатады, ал ҰБТ-ға кел­генде сол теорияларды сұрайды. Дегенмен де бесінші сыныптан бастап фун­дамент қаланбаса, бала бір жылдың ішінде бәрін қайталап үлгермеуі мүм­кін. Сондықтан ҰБТ-ға дайындалатын жақсы жоспар жасау керек сияқты.

Анна ҚҰДИЯРОВА, психолог:

 

– Мүмкін сол балалардың білімі төмен болған шығар. Мұғалімдердің бәрін бірдей кінәлау қиын. Ал­тын басты мұғалім білім берсе, бірақ оны жете түсін­бей­тін оқушы болса, оны қанша оқытқаныңмен білім­ді қабылдамайды. 23 мың баланың 23 мың себебі болуы мүмкін. ҰБТ қалай айтқанда да сынақ, емтихан. Ба­ланың бойындағы ішкі үрей, ішкі қорқыныш дәл сол үш сағаттың ішінде одан сайын еселей түседі. Біліп тұрған нәрсесін ішкі үрейдің әсерінен ұмытып немесе мұғалімдерден, тағы бір басқа өкілдерден қорық­қанынан жаза алмай қалады. Мұны екі себепке бөлуге болады: бір жағынан психологиялық дайындықсыздық, екінші жағынан педагогикалық дайын­дық­­сыз­дық. Сондықтан баланы 11 сыныпта емес, 8-9 сыныптан бастап дайындау керек деп ойлаймын.

 

 

Алмас САДУАҚАСОВ, Қостанай қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернат директорының орынбасары: 

 

– Жиырма мыңнан астам баланың төмен балл жинауы, оқушылардың дайындықтарының төмен­дігінен деуге болады. Қазіргі кезде балалардың көбі да­йын нәрсеге үйреніп қалған. Өйткені олардың тест­ке дайындалуға уақыттары болды, ешкім олардың қо­лын қаққан жоқ. Негізі, бұл балалардың, ата-ана­ның, мұғалімнің қатысуымен орын алатын үш жақты процесс қой. Мысалы, мұғалім бір балаға білімді жақсы беріп, екіншісіне дұрыс бермеді деп ойламаймын. Әр баланың қабылдауы әртүрлі. Ата-аналар тарапынан кейде түсінбеушіліктер болып жататын кездер де жоқ емес, ондай көп шу шығарғанша балаларына психологиялық көмек беруі тиіс. Қазір көпшілігі тәуелді болып бара жатқан «WhatsApp» мессенджері, «Mail.ru», «Вконтакте» сияқты әлеуметтік желілерді қойып, сынаққа дайындалса, білімін ақтауға болады деп ойлаймын.

http://www.aikyn.kz/articles/view/51199

Рубрика: