АЛТЫНОРДА
Новости

Түрмені де сағынатындар бар

Астана. 18 сәуір. Baq.kz – Өмірінің басым бөлігін темір тордың арғы жағында өткізген америкалық азамат кеше түрмеге өз еркімен әдейі отырды. Турасын айтсақ, заңды қасақана бұзып, кезекті мерзімін алды.

Ұзақ жылдар абақтыда отырған 74 жастағы Уолтер Унбехаунға еркіндік жаға қойған жоқ. Әбден жалығып, жалғыздықтан шаршаған ол туған үйіндей болып кеткен түрмеге қайта оралудың ең қауіпсіз жолын ойлап тауыпты.
Уолтер жергілікті банк бөлімшелерінің біріне келіп, касса қызметкерін тапаншамен қорқыту арқылы ақшаларын алып кеткен. Сөйтіп, жақын маңдағы қонақ үйлердің бірінде полицейлердің келуін күтіпті.
Тергеу мен сот отырысында да ол қылмыстың басты себебін түрмеге деген сағыныштан деп түсіндірді. Ал, судья болса оның жағдайын түсінсе керек, 3,5 жылға бас бостандығынан айырды. Прокурор болса сот шешіміне баға бере алмай отыр. Өйткені, айыпталушы әрі жазаланды, әрі өз дегеніне жетті.

http://baq.kz/kk/news/46006