АЛТЫНОРДА
Новости

«Turkvision-2014» байқауын Жанар Дұғалова жеңіп алды

Астана. 22 қараша. Baq.kz – Татарстанның астанасы Қазан қаласында «Turkvision-2014» халықаралық ән байқауы өз мәресіне жетіп, қазақтың әнші қызы Жанар Дұғалова бас жүлде иегері атанды.

Жартылай финалда өнер көрсеткен 25 әншінің арасынан жерлесіміз үшінші орын алып, ақтық сынға жолдама алған болатын. Бүгін өткен финалдық байқауда Жанар 225 ұпай жинап, өнер сайысын айқын басымдықпен жеңіп шықты.

http://baq.kz/kk/news/56554