АЛТЫНОРДА
Новости

Түркияда «Абылай ханның Қазақстаны» атты саябақ ашылды

нЫСТАМБҰЛ. 6 қараша. Baq.kz — Қазақстанның Түркиядағы елшілігі Орталық Анатолия аймағындағы Ниде өлкесінде«Қазақстан күндерін» өткізді.

Шаралар Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы» атты халыққа жолдауында қойылған тапсырмаларды, Қазақстанның үдемелі индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламасының негізгі басымдықтары, сонымен бірге ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға 2012 жылы қазанда жасаған сапарының қорытындысында берілген тапсырмалары негізінде өткізілді.
Аймаққа жасаған сапар барысында елші провинция басшылығымен, қаланың сауда-өнеркәсіп палатасы басқармасының төрағасымен, «Ниде» университетінің ректорымен кездесті. Елші сонымен бірге, провинцияның индустриалды аймағында болып, өңірдің белгілі іскерлерімен кездесті. Индустриалды аймақтарда 100-ге жуық зауыттар мен фабрикалар жұмыс істейді.
«Қазақстан күндерінің» барысында негізгі шаралар ретінде «Абылай ханның Қазақстаны» атты саябақ, «Қазақстан мен Түркияның тарихи қарым-қатынастары» фотокөрмесі ашылып, қазақстандық шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерт болды.
Шараға провинцияның губернаторы Неджмеддин Кылыч, қала әкімі Фарук Акдоган, елші Ж.Түймебаев, «Ниде» университетінің ректоры Шевкет Катырджыоглу, аймақтағы қазақ диаспорасы, ТР Парламентінің депутаттары, Түркияның мәдени қоғамдық-саяси және іскер топтарының академиялық қайраткерлері мен өкілдері қатысты.
Губернатор Неджмеддин Кылыч аталған шараның маңыздылығын, қазақ-түрік қатынастарының жоғары деңгейін атап өтті. Оның айтуынша, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылы Түркияға және ТР Премьер-министрі Р.Т.Эрдоганның Қазақстанға жасаған ресми сапарларынан кейін қазақ-түрік қарым-қатынастары дамудың жаңа деңгейіне көшті. Губернатор Қазақстанның өңірдегі көшбасшылық позициясын айта келе, еліміз «Қазақстан-2050» Стратегиясы» арқылы әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына қосылу жолында үлкен қадам жасағанына баса назар аударды.
Жалпы бұл шара Ниде аймағы қоғамының қызығушылығын тудырды. Аймақтың белгілі іскерлері Қазақстан мен Түркия индустриалды аймақтарындағы мүмкіндіктерін анықтау мақсатында Қазақстанға баруға ниет білдірді.

 

 

http://baq.kz/kk/diaspora/828