Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

©Алаш айнасы иллюстрациясыХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының төртінші күні біздің спортшылар отандастарын қуанта алмады, деп хабарлайды «Алаш айнасы» газеті.

Биатлондағы ізге түсу жарысында Елена Хрусталева сөреден 57-ші болып шығып, көмбеге 37-ші болып жетті. Төрт рет (4х5) нысана көздегенде мергендік танытып, бірде-бір рет мүлт кеткен жоқ. Бірақ жылдамдығы аса жоғары болмай тұр. Тіпті жыл сайын төмендеп бара жатқан сияқты ма, әлде бәсекелестері қарқындарын үдеткен үстіне үдетуде ме?..

Шаңғымен жарысудан ерлер арасындағы спринтке осы спорт түріндегі басты үмітіміз Алексей Полторанинді қосқан жоқпыз. Бапкерлер солай шешкен болулары керек. Оның төркіні түсінікті. Спринтте еркін әдіспен жүгіру керек. Әрі финалға дейін төрт рет бәйгеге түсу қажет болады (бәрінен мүдірмей өтіп отырса, әрине).

Ал Полторанин еркін әдіспен жүгіруден гөрі классикалық әдіспен жүйіткуге бейімдеу. Сондықтан Полторанинді 14 ақпан күнгі 15 шақырымдық бәйгеге сақтап отырмыз (классикалық әдіс). Кім біледі, бәлкім, кеше басты бәсекелестерінің біразы титықтап қалған да болар…

Осы қысқа қашықтықтағы бәйгеде ел намысын қорғаған Николай Чеботько алғашқы електік сында 30-орынға ие болып, (соңғы вагонға ілікті деуге де болады) ширек финалға шықты. Осы ретте алғашқы електен 30 спортшы келесі кезеңге шығатындығын айта кетейік. Бірақ ширек финалда алғашқы алтылықта жүгіріп, мәре сызығын бесінші болып қиды. Уақытымен есетегенде 25-орынға ие болды. Ал Роман Рагозин 33-орынға, ал Денис Волотка58-орынға табан тіреген болатын.

Әйелдер арасындағы спринтте Елена Коломина 46-орынмен, Татьяна Осипова 57-орынмен шектеліп, екеуі де қызықты жарыстан тым ерте шығып қалды.

Конькимен жүгіруден Екатерина Айдова 500 метрлік бәйгенің екеуінде де 22-орынмен шектеліп, қорытынды есепте де осы орыннан тапжылған жоқ.

Шана спортындағы жалғыз өкіліміз Елизавета Аксенова 31 спортшының ішінде 28-орынды қанағат қылды.

 

     sport-express.ru (фото)

 

ХХІІ қысқы Олимпиада ойындары. Сочи. Төртіншікүн.

Шаңғы жарысы. Спринт. Ерлер.

25. Николай Чеботько

33. Роман Рагозин

58. Денис Волотка

Шаңғы жарысы. Спринт. Әйелдер.

46. Елена Коломина

57. Татьяна Осипова

Конькимен жүгіру. 500 м. Әйелдер.

22. Екатерина Айдова

Биатлон. 10 шақырым. Ізге түсу жарысы. Әйелдер.

37. Елена Хрусталева

41. Дарья Усанова

Шана спорты. Жекелей сын. Әйелдер.

28. Елизавета Аксенова

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

 

http://alashainasy.kz/sport/49188/

Рубрика: