АЛТЫНОРДА
Народ в потоке истории

Тірі болғанда Мұстафа Өзтүрік 60 жасқа келер еді

l_5bad314aҚазақтың қара баласы Мұстафа Өзтүрік көзі тірісінде-ақ өз халқының нар тұлғасы екенін дәлелдеп кетті. Қазақ еліне келіп, таеквондо спортынан балалар мен жастарға мектептер ашып, еліміздің осы спорт түрінен федерациясының негізін қалады. Қайран Мұстафа, бірақ белгісіз жағдайда көз жұмды. Оның өлімі әлі күнге дейін бәймәлім қалпында қалып отыр.

Оның еңбекқорлығы, спортсүйгіштігі, актерлігі және атақтары туралы көп жазылды. Бірақ оның ең басты қасиеті Отанын, жерін және қазағын сүюі еді. Кеңес өкіметі тарамай тұрып, елге келіп, сағынышын басты. Қазақты әлемге әйгілі ету үшін таеквондодан спортшылар тәрбиелеу жұмысын қолға алды. Көзі тірісінде-ақ шәкірттері халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанып, топ жарды. Ол туралы сол кездің өзінде деректі фильм де түсірілді. Қазір елімізде оның шәкірттерінің өзі спортшылар тәрбиелеп, дүниежүзілік масштабта жетістіктерге жетіп жүр.

Шет елде туып, сол жақта жүрсе де өз ана тілін мен ділін ұмытпады. Қаншама жетістіктерге жетсе де туған еліне деген сағыныш оны әрдайым жетелеп тұрды. Қазақстанды, өз халқын сағынды.

Оның ҚАЗАҚ деген ұлтты мақтаныш тұтып өтуі, тіпті шет елде түскен фильмдерінен де көрініп тұрды. Сцераниін өзі жазған “Алатай” фильмінде бұзақылардан қашқан оның кейіпкері қашып келіп, бір желге тығылады. Қуғыншылар:

— Батыр болсаң, бері шық, – дейді. Үнсіздік.

— Еркек болсаң, көрін мұнда! Тағы да үнсіздік.

— ҚАЗАҚ болсаң, шық жекпе-жекке! – дегенде кейіпкер атып шығады да бұзақылардың бәрін тәртіпке салады.

Өзекті жарар өкініш сол – осыдан 19 жыл бұрын ол бақилық болды. Жатқан жерің жарық, иманың серік болсын Қазақтың ұлы – Мұстафа!

Серік НАЗАР

http://www.qazaq.kz/