АЛТЫНОРДА
Новости

Теологтар жастардың діни сауатын ашпақ

434_6cedd07e55be0b3ac5a4023516e1478dАстана. 26 тамыз. Baq.kz – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің жиыны өтті. Шара аясында қоғамдағы өзекті мәселеге айналғандіни экстремизмнің алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Алқалы жиынға облыстың мемлекеттік мекеме басшылары мен дін қызметкерлері қатысты. Қазіргі таңда жастар арасында діни сауаттылықты ашуда теолог мамандар жеке және топтық жұмыстар жүргізуді қолға алды. Өткен жылы 522 имам біліктілігін арттырған. Сондай-ақ ақпараттық құрал ретінде 10 түрлі кітап шығарылған.
Нұржан Тұрсынбай, әлеуметтік бастамалар орталығының директоры: «Түрлі тақырыптар бойынша 10 кітап шығарылды. Қазір оларды таратып жатырмыз. Арнайы фильмдер түсірдік. Арнайы видеороликтер жасалды. Қазір телеарналар арқылы көрсетіліп жатыр. Фильмдерге жобалар әзірлеп жатырмыз. Дайын 2 фильм бар. Барған жерде ұстаздар мен басқа да сұраушыларға флешкадан көшіріп береміз».