Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 16 сәуір. Baq.kz – Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз мәслихатын өткізуге Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов келді. Ол ағымдағы жылдың сәуір айына дейінгі елдегі қаржы нарығындағы ахуал жайлы баяндама жасап, БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берді, – деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

– Тікелей инвестициялардың «салымдар бағыттары» қағидаты бойынша есепке алу тұрғысынан алғанда шетелдік тікелей инвестициялардың жалпы әкелінуі 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 16,6% қысқарып, 24,1 млрд. АҚШ долл. құрады. Өзара фирмааралық міндеттемелер бойынша негізгі борышты өтеуді ескергенде, Қазақстанға тікелей инвестициялардың таза әкелінуі 10,2 млрд. АҚШ долл., ал шетелге таза әкетілуі 2,4 млрд. АҚШ долл. құрады, – деді Қайрат Нематұлы.

– Ал Халықаралық резервтер мен ақша агрегаттары саласындағы көрсеткішге келер болсақ, ағымдағы жылдың наурыз айында Ұлттық Банктің халықаралық резервтері де ұлғайды. Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 26,5 млрд. АҚШ долл. дейін 2,0%-ға (жыл басынан бері 7,5%-ға), Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 0,7%-ға ұлғайып, 25,7 млрд. АҚШ долл. құрады, – деп атап өтті ол өз сөзінде.

 


Нұрлыбек ДОСЫБАЙ

http://baq.kz/kk/news/45917

 

Рубрика: