АЛТЫНОРДА
Новости

Татардың әйгілі батыры Чура Нарықов Арғын руынан шыққан

434_116b789f453d39fd4722e5d7554ac5d6Астана. 12 қыркүйек. Baq.kz – Татардың әйгілі батыры Чура Нарықов қазақтың Арғын руынан шыққаны белгілі болды. Мұндай болжамды тарихшы Дамир Ысқақов жасады.

Тағы бір болжам бойынша ол Тама руынан шығуы да мүмкін. Ал татар аңыздарына жүгінсек, көптеген татар ауылдарында тұратын халық осы батырдан тараған ұрпақтар екен. Татарларда Арғын руы бар екенін ескерсек, Чура Нарықовқа жүргізген жоғарыдағы генетикалық зерттеудің шындыққа жанасатынына көз жеткіземіз.

Жалпы, кез келген халықтың этногенезін анықтау үшін ХХІ ғасырда кең мүмкіндіктер ашылып отыр. Тарих және генетика саласын біріктіре отырып, қазақ этногенезін зерттеуде үлкен жетістікке жетуге болады. Мұны бүгін Астана қаласындағы Мемлекет тарихы институтында өткен семинар тренингте генетика саласының маманы Айқын Асқапұлы мәлім етті.

Қазақстанның генетика саласы еуропа әлемімен салыстырғанда көптеген жылдар артта қалған. Соңғы 20-30 жылда ғалымдар генетикалық зерттеуді бірте-бірте қолға ала бастады, ал 2000 жылдан бастап жас ғалымдар бұл ғылымға дендеп енді. Бүгінгі күнге дейін мемлекет медициналық генетикаға көңіл бөліп, едәуір қаржы бөліп келді. Ал тарихи генетика саласы энтузиасттардың жеке қаржысымен зерттелгендіктен кейін қалды.

Осы орайда, еліміздің осы саладағы мамандарына қолдау көрсету мақсатында таяуда Астана қаласында ғылыми лаборатория ашылады. Қазіргі уақытта лабораторияда жұмыс істейтін ғалымдар мен мамандар іріктеліп жатыр.

Ғабит ҚАРАБАЙ

http://www.baq.kz/kk/news/35571