Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Видео Facebook әлеуметтік желісі арқылы тарады. Онда бет-ауыздарын тұмшалаған, бәрі сия көк түсті киім киген, қолдарына қару ұстаған сегіз ер адам тал түбіне жиналып, қазақ тілінде сөйлеген. Видеоның қай жерде, қашан түсірілгені көрсетілмеген.

Видеода сөйлеген жас жігіт өздерін “Қазақстаннан келген муджахидтармыз” (моджахед – ред.) деп таныстырып, “Шам жерінен” (Сирия) сөйлеп тұрғанын айтады. Ол жұртты “Шам жеріне, Иракқа, Ауғанстанға” шақырған. Сөйлеп отырған жігіт тоқтап қалған жерлерінде жанындағылар оның сөзін қазақ тілінде жалғастырып жіберіп отырған.

Видеоның сол жақ шекесіне “Ислам мемлекеті” экстремистік ұйымының қара туы қойылған.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26881192

Рубрика: