АЛТЫНОРДА
Новости

«Сүлеймен сұлтанның» продюсері актрисадан кешірім сұрады

images (1)
Астана. 18 қыркүйек. Baq. kz- Актрисаның аяғы ауыр екенін білген Савджи одан кешірім сұрап, түсірілім алаңына қайтып оралуын өтінді, деп жазады Алаша сайты.

«Сүлеймен Сұлтан» сериалының продюсері Тимур Савджи экс-Роксолана Мерьем Узерлиден кешірім сұрап, ашық хат жазды. Савджи Мерьемнің кетуінің нақты себебін, яғни, оның аяғы ауыр екенін БАҚ көздерінен бірақ білген. Еске сала кетсек, жуырда актриса танымал түрік журналисіне берген ашық сұхбатында өзінің жүкті екенін айтқан болатын.

Тимур Савджи бұл сұхбатта Мерьемнің түсірілім алаңында актерлерге ешқандай жағдай жасалмаған деген сыбысты жоққа шығарғаны үшін жүкті актрисаны кешірмек болып шешті. Актрисаның TIMS Produktions тобының өте жақсы жұмыс жасады деген сөздері мен оның кетуі себебі жеке басының қиындығына байланысты екендігі танымал продюсердің жүрегін жібітті.

Актриса мен продюсер арасындағы кикілжің дұрыс шешімін тапқан соң, Савджи Мерьемнің TIMS-пен ары қарай жұмысын жалғастыратынына үмітті.

 

http://baq.kz/kk/news/35896