АЛТЫНОРДА
Иносми

СИ ЦЗИНЬПИН Н. НАЗАРБАЕВҚА ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

кытай кутттҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевқа оның президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Қытайдың Халықаралық радиосы хабарлайды.
Си Цзиньпиннің атап өткеніндей, Қытай мен Қазақстан — жақсы көршілер, достар және серіктестер. Дипломатиялық қатынастар орнатылған соң екіжақты байланыстар табысты дамып жатыр. Қытай Қазақстанмен қатынасына әрқашан үлкен көңіл бөліп, олардың стратегиялық әріптестігін сапалы жаңа деңгейге шығару үшін күш салуға дайын.