АЛТЫНОРДА
Новости

Шымкентте 4 және 5 жұлдызды «Мarriott» қонақ үйлері салынуы мүмкін

Астана. 2 ақпан. Baq.kz – Бұл жайында ОҚО әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев пен «Мarriott» компаниясын Шығыс Еуропа және ТМД мемлекеттерінде дамыту жөніндегі вице-президенті Ивица Касич арасында онлайн режимде өткен конференция барысында айтылды деп хабарлайды «Шымкент Инновация» ЖШС баспасөз қызметі.

«Келіссөздер барысында облыс әкімінің орынбасары бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында нақтырақ айтқанда, Шымкент қаласында 4 және 5 жұлдызды «Мarriott» қонақүйлерін, Батыс Еуропа-Батыс Қытай автожол дәлізі бойында жол бойы қызметі ретінде 2 жұлдызды қонақүйлер құрылысын жүргізу мүмкіндіктерін қарастырды. Сонымен қатар, Түркістан этноқалашығында, Қасқасу тау-шаңғы кешені мен Сарыағаш сауықтыру шипажайы аумағында «Marriott» қонақүй желілері мен басқа да туристтік нысандар соғу жайында келіссөздер жүргізілді» деп жазылған хабарламада.
Оңтүстік Қазақстан облысының мүмкіндіктерімен танысқан Ивица Касич жергілікті инвесторлармен кездесуге ықылас білдірген. Енді ақпан айының 4 жұлдызында Касич шымкенттік инвесторлармен Алматы қаласында бас қосуды жоспарлап отыр.

 

http://baq.kz/kk/news/42970