АЛТЫНОРДА
Новости

Шығыс Украинада сайлау комиссиясын басып алды

Луганск облысының Красный Луч қаласында ресейшіл қарулы белсенділер аймақтық сайлау комиссиясын басып алды.

Украина сайлау комиссиясының басшысы Александр Черненко Facebook әлеуметтік желісіндегі парағында, қарулы сегіз адамның сайлау комиссиясына басып кіріп, бюллетендерді іздегені туралы хабарлады. Сепаратистер «украин заңдарын оқымағандықтан, бюллетендер сайлау комиссияларына сайлауға тек бір апта уақыт қалғанда ғана жеткізілетінін білмейді» деп жазады Черненко.

Оның сөзіне қарағанда, ресейшіл белсенділер бұл сайлау комиссиясына алғаш бір күн бұрын келіп, комиссиядан жұмысын тоқтатуды талап еткен.

Бұның алдында қарулы адамдар Луганск облысының Антрацит қаласындағы аймақтық сайлау комиссиясын басып алғаны хабарланған еді.

Украиналық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Краматорск қаласында ресейшіл белсенділер аймақтық №48 сайлау комиссиясының төрағасы Сергей Шандыбты ұрлап әкеткен.

Бұған дейін сепаратистер Украинаның шығысында 25 мамырға белгіленген президент сайлауын өткізбейтіндерін мәлімдеген.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140515/330/330.html?id=25385711