АЛТЫНОРДА
Блог Серика Малеева

Серік МӘЛЕЕВ. Бұл орыстар сондай әртүрлі. Халықараоық жағдай туралы

серик малеевРесейлік мәнерлеп сырғанаушылар Татьяны Волосожар мен Евгений Траньковтың өнері ешкімді бей-жай қалдырмаған шығар деп ойлаймын. Ал одан кейін «Рен — ТВ» арнасы осы жас спортшылар жұбының күнделікті тыныс-тіршілігі туралы тамаша деректі фильм көрсетті. Әлемдік спорта жеңіске осылай жетеді. Тынымсыз еңбек пен алға ұмтылудың арқасында. Жарайсыңдар, достар!

Сонымен қатар, Ресей телеарналарында ауызынан көбігін шашып, 2014 жылға сандырақтаған болжамдарын айтқан Владимир Вольфович Жириновскийді де көрсетіп жатыр …. Оған қарап отырып, боққа шыланғандай әсерде қаласың. Не деген түрлі Ресей.

Атап айтарлығы, ресейлік саясатшылардың ел өміріне ықпалы ресейлік спортшыларға қарағанда анағұрлым жоғары.

Әлем кімді көбірек ұнатады

Сонымен, В.В. Жириновскийдң болжамдары не жөнінде? Бірінші. Ол 2014 жылы Ресей Украинаны сызық бойынша екіге, батыс және оңтүстік-шығысқа бөлетінін болжап отыр. Міне, дәл осыны бүгін Ресей дипломатиясы жүзеге асыруда. Мәселен, украин аймақтарының болашағын ресейлік «Однако» интернет басылымның шеф-редакторы Семен Уралов өзінің «Евразийская политология. Как и зачем нужно бороться за Юго-Восток» былай сипаттайды: «Республикалық дағдарыстан шығу мүмкіндігі бар аймақ —украиналық  Оңтүстік-Шығыс. Атап айтарлығы, бірден бір жол — қалыптасып жатқан Кедендік және Еуразиялық одақтары эконмикасы шеңберіндегі интеграциялық жобаларына қатысу. Ертеңіне «Однаконың» Харьковтегі пікірлестерімен, еуразиялықтармен және оқырмандарымен біз негізінен осы туралы әңгімелестік».

Өзіміз көріп отырғандай, осындай келісті әңгіменің артында бір ғана ұмтылыс – Кедендік және Еуразиялық одақтардың «тонын» жамылып, Оңтүстік-Шығыс Украинаны Ресейге қосу тұр.  Әрі бүгінгі күннің өзінде Харьков, Севастополь, Одесса және басқа украин қалаларында кремльдік «ықпалдың агенттері» жұмысқа қызу кіріскен.

Ал сонда Киевпен, осы елдің батыс аймақтарымен, сондай-ақ Кедендік және Еуразиялық одақтарға кіру, кірмеу мәслелелерін дербес шешуге толық құқығы бар еркін Украинаның егемендігімен не болмақ?

Мақала авторының пікірі бойынша енді бұл мәселелерді сонщшалықты елеулі деп есептемеуге де болады. Міне, осындай жағдай.

Бүгінде украиндық мемлекеттіліктің қирауына Мәскеудегі саясатшылар мүдделі, олар өздерінің арам пиғылын жүзеге асыруда өздерінің ісінің ұятты болмауына, тіпті,  ешқандай назар аудармауда.

Ал көптеген ресейліктер украиндықтарды өз бауырындай, өздері сияқты орыстардай көреді. Сонда «орыс, орысқа көмектес» деген ұранды қайтеміз? Оның ешқандай қажеті жоқ болып шықты. Кремль басшылығы нақты саясатты жүзеге асырғанда, бауырластық туралы ұрандар жайына қалады екен.

Осындай ахуалда Украина азаматтары үшін сепаратизмнен қорғанудың жалғыз әдісі – халықтың қайтадан айырылып қалған бірлігін қайтару. Бүгінде мұны, шамасы, Киевте де түсінген сияқты. Украин астанасының орталығындағы шерушілер баррикадаларды бұзып,  өздері басып алған ғимараттарды Еуромайдан қатысушыларына қарсы қылмыстық іс қозғалмауына айырбастауда.

Мұндай жағдайда екі мақсат негізгі болып отыр: біріншіден, мәскеулік бағытқа бағдарланған бесінші колоннаның жоспарына жол бермеу, екіншіден, Янукович уақытша тоқтатқан Еуроазиялық одаққа кіру жөніндегі келіссөздерді жалғастыру.

Атап айтарлығы, егер украиндықтар бірінші мәселенің шешімін таба алса, екінші мәселе ешқандай қиындықсыз шешімін таппақ. Көптеген адамдар бірлігі жарасқан тәуелсіз Украинаны қолдайды.

Ресей саясатының қабаған және арсыз церберлері туралы…

Кремль саясатшыларына келетін болсақ, олар шынымен өздерінің «айтқанына көніп, айдағанына жүргісі келмеген» Украинаны, Молдованы және Грузияны жазалағысы келеді. Украинаны – Еуроодақ елдерімен интеграциялануға ұмтылғаны, ал Молдова мен Грузияны – олардың еуропалық мемлекеттерімен ассоциацияға қол қойғаны үшін.

Сондықтан жақын арада біз қайтадан қатал экономикалық соғыстардың куәгері боламыз. Олардың барысында Ресей қайтадан украин конфеттерін, салосын, молдавандардың шараптары мен коньяктарын, грузиндардың «Боржомиін» ел аумағына әкелуге тыйым салады.

Сондай-ақ еліне депортациялау үшін шалғайдағы ресейлік базарлардан қайтадан грузиндік сатушыларды іздей бастауы мүмкін. Сырттан қарасаң, кейде мұның барлығы күлкілі сияқты болса, еліне экстрадицияланатын грузиндер үшін қайғылы жағдай.

Алайда бәйгеге үлкен дүниелер тігілгенде, бір адамның тағдыры деген не?  Ешқандай жағдайда да қарапайым адамдардың мүдделерімен санаспау, оларды құрбан ретінде санау – бұл сонау Иван Грозный дәуірінен бастау алып, бүгінгі күнге дейін жалғасып отырған ресейлік саясат дәстүрінің мәні.

Қалай десекте, бүгінде Мәскеу аталған республикалардағы саяси және экономикалық ахуалды тұрақсыздандыруға қажетті тетіктерге ие.

Алайда бұл Кремльдің риторикасын әдемі әрі жағымды етіп көрсетпейді. Ресей элитасына өз елдерінің Еуразия кеңістігінде ызалы цербер ролін атқарып отырғаны онша ұнамайды. Онда басқа әлем туралы не айтуға болады?

Ал енді ең қызық нәрсеге назар ацдарыңыздар. Біз өз тағдырын еуропалық жолмен байланыстырған елдер Мәскеу тарапынан үлкен наразылық тудырды десек, Кремльдің диктатына бағынып, Кеден одағына кірген елдердегі жағдай да мәз емес. Бүгінде қазақстандық кәсіпкерелер қазақстандық тауарларды ресейлік нарыққа кіргізбеуге бағытталған әртүрлі сипаттағы елу төрт кедергіні санамалап шықты.

Біз Ресейге өз автомобильдерімізді экспорттай алмайсыз, өйткені онда ресейлік өнім өндірушіні қорғауға бағытталған машиналарға қалдықтар алымы салынады.

Сондай-ақ біз Ресейге өз арағымызды да шығара алмаймыз, өйткені бұл елдің Премьер-министрі Дмитрий Медведевтің қаулысымен  Ресей Федерациясының аумағында қазақстандық арақты сатуға тыйым салынған. Шындап келсек, біздің арақ сапасы мен бағасы жағынан ресейлік өнімнен әлдеқайда артық.

Қысқасы, КО шеңберінде біз көп нәрсеге қол жеткізе алмаймыз, өйткені қазақтар әділетсіз бәселелестікке тап болды.

Сондықтан ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Минскі мен Екатерибургтегі мемлекет басшыларының кездесулерінде ресейлік әріптестеріміздің атына наразылықтар айтуы кездейсоқтық емес.

Қазақстанға отарлаудың жаңа қауіпі төнуде. Әрі бұл, біреудің қиялы емес, факті …

Маңыздылығы жағынан ресейлік саяси билік обоймасындағы төртінші, не бесінші фигура болып табылатын  Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының  вице-спикері Влдимир Жириновскийдің саяси болжауларына оралайықшы. Оның айтқананын толық келтірейік: «Қазақстанның дәл 1924 жылы болғандай, Ресей Федерациясының құрамына кіруі тамаша нұсқа. Яғни, ешқандай ұлттық құрылымсыз және титулдық атауларсыз. Жәй ғана Ресей, болды. Отыз, қырық агломерациялар. Облыстар мен губерниялар, республика  емес,  жеті-он миллион халқы бар үлкен аумақ қана».

Бұл жерде біз үшін маңызды сұрақ — неліктен осындай арандатушылық мәлімдемелер туындайды? Оның үстіне, ең жақын стратегиялық әріптес тарапынан. Және оларды қорқыту әдісі деп қабылдауға бола ма? Әлде саяси қысым мен бопса әдісі ме? Ал ең бастысы, біздің СІМ, ауызына су толтырып алғандай, неге үнсіз отыр?! Неге мұндай мәлімдемелерге назар аудармайды?

Ал бізді осылай көпе-көрнеу қорқыту және бопсалау түсінікті, өйткені қазақтар ішінара Кедендік одақ шеңберінде орын алған тең емес қатынастарға наразылықтарын білдіруде.

Осы арнада Марат Тажиннің Мемлекеттік хатшы лауазымынан Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі орынына ауыстырылуын қандай да бір қуғын деп қабылдауға болмайды. Түтеп келгенде, бұл ел Президентінің осы мемлекеттік қайраткерге көрсетілген сенімнің дәлелі деп бағалаған жөн.

Ресейлік бағытқа Бақытжан Сағынтаевтың жіберілуі, ал енді оған Марат Тажиннің қосылуы Ресеймен келіссөздер жүргізуде қазақстандық тарапты күшейтуге бағытталған. Бұл КО форматында өзіміздің мүдделерімізді қорғау қажеттілігіне байланысты. Белгілі деңгейде біздің елімізге жарамсыз шешімдерге тыйым салуға дейін.

Ал егер 2014 жылғы жаз бен күздің Украина, Ресей және ЕО елдері үшін қарбалас шақ болатыны ескерсек, ресейлік бағытты осылай нығайтуға негіз артылып жетеді деуге болады.

Бір жағынан бізге Ресеймен арадағы экономикалық соғыстан аулақ болу қажет. Бірақ екінші жағынан, өзіміздің ұлттық егемендігімізді қорғай отырып, біз жекелеген ресейлік саясатшылардың көпе-көрнеу арандатушылық болжамдары мен мәлімдемелері түріндегі Кремльдің бопсалауына көнбегеніміз жөн.

Бұған қарсы тұру жолында біз Президентің «Мәңгілік Ел» бағдарламасын жүзеге асыруға тездетіп кірісіп, еліміздің атауын «Қазақ Еліне» ауыстыруымыз қажет. Бұл біздің егемендік және тәуелсіздік идеяларына беріктігімізді дәлелдейді.

Май орнына жұдырық – жақсы аргумент емес….

Мұнай шуының арқасында қомақты алтын-валюта қаржы жинап алған Ресей, бұрынғы империялық жолға қайта түсті. Ол жақта қайтадан «майдың орнына жұдырық ұраны» құрметте.

Мұндай жағдайда жаңа отарлау Қазақстанға қандай қауіп төндіретінін болжау соншалықты қиын емес. Іс насырға шапса, елімізде қайтадан кез келген басқаша ойлауды таптап, жаншу, саяси террор мен ашаршылық орын алады, ал жолымыз болса, онда Татарстанның тағдырын қайталаймыз. Сөйтіп, РФ құрамындағы ұлттық республикаға айналып, жиған-тергеніміздің 70 пайызын метрополияға аударып,  30 пайызын ғана өз азаматтарымыздың мұқтажына қалдыратын боламыз.

Тарих көрсетіп отырғандай, ресейліктер өздері дұрыс өмір сүрмегенімен қоймай, басқа халықтырдың да тұрмысын жақсартуға деген үмітін өшіреді.

Осы орайда, Жириновский мырзаға, оның артына тығылып тұрғандарға келесі кеңес бергім келеді — өзінің жақын көршілеріне аумақтық талаптар қойғанша, Кремль басшыларына өз халқының жағдайын ойлаған жөн.