АЛТЫНОРДА
Новости

Саакашвили Ресей империясының жеңілгенін айтты

Астана. 24 ақпан. Baq.kz – Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Киевке ұшып келді. Оның айтуынша, Майдандағы оқиға Ресейдің Украинаға деген ықпалын біржола тоқтатты.

Саясаткер осынау қақтығыстар кезінде қаза тапқандар алдында бас иетінін айтты. «Мен сіздердің алдарыңызда, әсіресе қайтыс болғандардың рухының алдында тізерлеп тұрып, басымды иемін. Олар — кешегі қарапайым азаматтар, Украинаның бүгінгі батырлары өздерін ұлы құрбандыққа шала білді. Олар кәсіби жауынгерлер емес еді. Олар тек керемет батылдығымен көзге түскен азаматтар» деді Саакашвили көтерілісшілер алдында.
Оның айтуынша, Украина орыстар салған бұғаудан біржола босап шықты. Енді тарих оқулықтары мен кітаптарында «Украина Ресей империясының тамырына Майданда балта шапты» деп жазылмақ деп қосты ол. Грузияның экс-президенті көтерілісшілерге істі соңына дейін жеткізу керектігін айтты.

 

http://baq.kz/kk/news/43960