АЛТЫНОРДА
Новости

РЕСЕЙДІҢ ЕТІН ЖЕМЕҢІЗ

«Ресейден келіп жатқан құс етінен салмонелла таяқашалары анықталды» деп хабарлайды 7 арна.
Мұны тауық терісінің астына сұйықтық құйылатынын дәлелдеу үшін сараптама жасаған құс өндірушілер одағы анықтаған. Нәтижесінде екі үлгі де расталды.

Ал Қазақстан құс өсірушілері одағының байбаламы жайлы айтқан едік. Онда кәсіпкерлер «Ресей кедендік шектеу қоюға келіспесе, жағдайымыз қиындап барады» деген еді.

«Шектеу жасағанның өзінде өзіміздің нарыққа кіргенше кем дегенде жарты жыл керек. Сол өзін біз әлі сұрап отырмыз. Ұлттық палатамен бірге Сағынтаевқада да айттық. Енді жақын арада бір нәтиже шығады деп отырмыз үкімет», — дейді Қазақстанның Құс өндірушілері одағының президенті Руслан Шәріаов.

7 канал

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/articles/view/66678