АЛТЫНОРДА
Новости

Ресей: «Протон-М» сынықтары ауада жанып кеткен

Байқоңырдан ұшырылған соң бірнеше минуттан кейін апатқа ұшыраған ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышының сынықтары атмосфера қабатында жанып кетті деп хабарлады Ресейдің «Роскосмос» федералдық ғарыш агенттігі.

16 мамырда Астана уақытымен түнгі сағат 3:42-де Байқоңырдан Ресейдің «Экспресс-АМ4Р» байланыс зымыраны тіркелген «Бриз-М» блокты зымыран тасығышы ұшырылған еді. Зымыран спутникті Жер орбитасына алып шығуы тиіс болған. Ұшқаннан кейін 9 минуттан соң зымыран тасығышта ақау пайда болып, апатқа ұшыраған.

«Телеметрикалық ақпаратқа жасалған талдаудың алдын-ала мәліметтері бойынша, апат зымыран 160 километр биіктікте ұшып бара жатқанда болған. Зымыранның барлық бөліктері және отыны атмосфераның тығыз қабатында жанып кетті» дейді «Роскосмос» хабарламасында.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140516/330/330.html?id=25386977