Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

©Алаш айнасы иллюстрациясы«Россия 1» телеарнасы 9 мамырда «Қырым. Отанға оралар жол» деректі фильмінен үзінді көрсетті. Онда РФ президенті В. Путиннің Ресей жарты аралды қалай қосып алғанын баяндайтын жері бар. Ал бүгін Ақ үй бұл фильмдегі ресми мәлімдеменің жалғандығын Мәскеудің бетіне басып, сын тақты.

«Қырымды қосып алғандарына бір жыл толуына орай түсірілген деректі фильм Мәскеу Украинаның шығысы мен жартылай аралдағы оқиғаларға қатысты жалған мәлімдеме жасағанын көрсетеді».

Бұл туралы бүгін АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Джен Псаки айтты деп хабарлайды РБК.ру.

«Әрине, біздің көріп отырғанымыз Ресей Украинаның шығысындағы оқиғаларға қатысы барлығын жоққа шығарған секілді жайтты қайталап отыр» делінеді ведомстваның ресми сайтында жарияланған Псаки сөзінде. «Кезінде олар Қырымды басып алу ниеттері жоқтығына немесе ол іске араласпағандарына сендірген (2014 жылдың көктеміндегі ресейлік биліктің ұстанған позициясы). Ал деректі фильм кері жағдайды айғақтап отырған секілді» деген бұл мәлімдемесін журналистер қауымына түсіндірген Псаки.

Айта кетелік, «Қырым. Отанға оралар жол» деректі фильмінде

Владимир Путин Қырымды Ресейге қосып алу туралы шешім қалай қабылданғанын былайша баяндап береді: «Украинада ушыққан жағдай бізді Қырымды Ресей құрамына қайтару бойынша жұмысты бастап кетуімізге мәжбүр етті, өйткені біз бұл территория мен онда тұратын адамдарды тағдырдың тәлкегіне түсіріп, ұлтшылдардың табан астына қалдырып кете алмадық. Сөйтіп оны қалай істейтінімізді анықтап, алдымызға міндеттер қойдық. Бірақ Қырымда тұратын адамдар мұны қалаған жағдайда, оған толықтай көзіміз жеткенде ғана жүзеге асыратынымызды алдын ала шешіп алдық. Жабық жағдайда өткен сауалнама нәтижесі бойынша Қырымның 75 пайызы Ресейге қосылуға әзір боп шықты. Сондықтан маған егер бұл істі жүзеге асырып, тарихи оқиға орын алса, онда бұл көлем мен көрсеткіш бұдан да көп болатындығы айқын бола түсті. Бұл арадағы мақсат «Қырымды басып алу немесе қандай да бір аннексия» болған жоқ. Бұл арадағы басты мақсат – адамдар ары қарай қалай өмір сүргісі келеді, соны ашып айтуларына мүмкіндік беру еді».

«Алаш айнасы»

Толығырақ: http://alashainasy.kz/politic/resey-men-aksh-kyiryim-ushn-tagyi-kyirkyisyip-kaldyi-65057/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Рубрика: