АЛТЫНОРДА
Президент казахстана

Путиннің сапары нені өзгертеді?

скачанные файлы (1)Қазанның 15-і күні Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті.

Назарбаев Путиннің Қазақстанға сапарын «ерекше оқиға» деп мәлімдеді, ал Путин «екі елдің қарым-қатынасы екі жақты жоспар аясында өте тиімді дамып жатқанын» айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін бөлісу жөніндегі, Ресейдің Орынбор облысындағы Домбаровский ауданынан зымыран ату тәртібі туралы, авиациялық іздеу мен құтқару саласындағы ынтымақтастық жайлы, «Бипэк Авто Қазақстан» мен «АвтоВАЗ» компаниялары арасындағы стратегиялық әріптестікті кеңейту туралы келісімдерге де қол қойды.

Меруерт Махмұтова – Қоғамдық саясатты зерттеу орталығының директоры. Алматы, 21 тамыз 2015 жыл.
Азаттықтың 16 қазан, жұма күні Астана уақытымен сағат 15:00-де өткізетін AzattayqLIVE хабарында Ресей президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары талданады. ЕАЭО аясындағы әріптестіктің бүгіні мен болашағы, Кремль мен Ақорданың ендігі қарым-қатынасы да тікелей эфирде сөз болады. 

Хабардың қонағы — қоғамдық саясатты зерттеу орталығының директоры, экономист Меруерт Махмұтова.

Айтар ой, қояр сұрақ, қосар пікірлеріңіз болса, түсінікті етіп осы аңдатпа форумына жазыңыздар немесе +7 777 328 38 88 (WhаtsApp​) нөміріне жолдаңыздар. 

Тікелей эфирді журналист Қасым Аманжолұлы жүргізеді.

http://www.azattyq.org/