Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде өтіп жатқан жылдық қорытынды баспасөз мәслихатында Қазақстанға қатысты сұраққа жауап берді.

Владимир Путинге “Ресеймен бірге Еуразия экономикалық одағына кіргелі отырған Қазақстан үшін бұл ортақ нарық ортақ дағдарысқа айналмай ма?” деген сауал қойылды. Путин Қазақстанның да Ресей сияқты «сыртқы жағдайлардың теріс ықпалына тап болатынын» айтты. «Бірақ Ресей сияқты Қазақстан да мұнайға тәуелді болғандықтан дағдарыстан шығады. Әлемдік экономикада мұнайға деген сұраныс артып, біздің экономикамыз энергоресурстар бағасының арзандауына бейімделеді. Екі ел дағдарыстан интеграцияға түсіп, тауар, жұмысшы күші мен капиталдың еркін айналуына жағдай жасау арқылы шыға алады» деді Ресей президенті.

Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасындағы Еуразия экономикалық одағы 2015 жылдың 1 қаңтарынан жұмысын бастайды.

http://www.azattyq.org/

Рубрика: