АЛТЫНОРДА
Новости

Президент сайлауы-2015: Шетелдік сарапшылар не дейді?

©Нұрғиса Елеубеков (фото)Матиас Дорнфельдт, с.ғ.д. порфессор, Германиядағы Потсдамск университетінің аға оқытушысы:

— Мен ҚХА ұсынған бұл бастаманы құптаймын. Қазақстанда мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу-бұл қазақстандықтардың өз таңдауы. Әлемдік дағдарысқа қарамай Қазақстанда 2015 жылы президент сайлауын өткізу-бұл елдегі көптеген түйткілді мәселелердің шешімі болары анық. Ең бірінші — Қазақстанның басты ұстанымына айналып үлгерген тұрақтылықты сақтауға және экономиканы көтеруге ықпал етеді.

Сидхард Саксене, Ұлыбританиядағы «Бейбітшілік және келісім» орталығының директоры:

— 2015 жылы Қазақстан Президентін сайлау -ең бірінші кезекте елдегі саяси тұрақтылық пен экономиканың жаңа серпінмен жандануына жол ашады. Қазақстанның әлемдік саясаттығы ұстанымы-ол тұрақтылық, бейбітшілік. Қазақстанның бұл ұстанымы көптеген мемлекеттер үшін үлгі болады. Әлем жаһандық дағдарыстың алдында тұрған кезеңде-Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауын өткізу саяси тұрғыдан ғана ұтымды емес, ол керек. Сондықтан бұл бастаманы қазақстандықтар бір ауыздан қолдайды деп ойлаймын.

Марко Арцилли, Сан-Марино Республикасы мемлекеттік хатшысы:

— Меніңше Қазақстан Халқы Ассамдбеясының бастамасын қолдау керек. Қазіргі кезеңде мемлекеттің ұстанып отырған саясатына өзгеріс жасау керек емес. Жалпы өзгеріс керек. Бірақ, әлем халқы экономикалық дағдарыс алдында тұр. Осындай кезеңде алдымен мемлекеттің бірінші адамын сайлап алу ұсынысын қолдау керек.

Роберт Чэзин, Италияның халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы:

— Біз де дәл биыл Қазақстанда Президент сайлуын өткізу керек деп есептейміз. Бұл бірінші кезекте-сыртқы қақтығыстардың алдын алады (Украинадағы қарулы қақтығыс). Қазақстан халқы үшін тұрақтылықты сақтай отырып, халықаралық аренада беделді басшыны таңдауы керек. Келесі келетін Президентте Президент Назарбаевтың саясатын жалғап әкетуі керек және осы жылы өткізілетін Президент сайлауына әлемнің назары ауып отырғаны рас. Біз сайлау қорытындысы жақсы нәтежие береді деп сенеміз.

qamshy.kz
Толығырақ: http://alashainasy.kz/politic/prezident-saylauyi-2015-sheteldk-sarapshyilar-ne-deyd-64449/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі