АЛТЫНОРДА
Новости

Православтардың шоқыну рәсімі басталды

Қазақстанда бүгін православие христиандары діни салт-жоралғылардың бірі — шоқыну мерекесін атап өтіп жатыр.

Шоқыну рәсімі Інжіл бойынша Жақия пайғамбардың Иордан өзенінде Ғайса пайғамбарды шоқындырғанынан үлгі алу ретінде атқарылады.

Бұл күні православ дінін ұстанушылар өзен-суларда, арнайы жасалған орындарда суға түседі. Астанада шоқыну рәсімі Есіл өзенінің қос жағалауында рұқсат етілген арнайы орында өтеді.​

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26801172