АЛТЫНОРДА
Новости

Петр Порошенко: Украина соғыстан қорықпайды, бірақ қаламайды

Украина президенті Петр Порошенко елдің шығысындағы Донецк қаласының маңында үкімет күштері мен ресейшіл сепаратистер соғысып жатқан аймақта Украина «жаппай соғысуға дайын екенін» мәлімдеді.

Немістің Bild басылымында қарашаның 17-сі күні жарияланған сұхбатында Порошенко «Мен ресей әскерімен соғысудан қорықпаймын. Біз жаппай соғыс жүргізетіндей жағдай туа қалса, оған дайынбыз. Біз соғысты қаламаймыз, біз бейбітшілікті, еуропалық құндылықтар үшін күресуді қалаймыз. Бірақ, Ресей ешқандай келісімді құрметтемейді» деген.

Украинада сәуір айында басталған қақтығыстардан осы күнге дейін 4 мыңнан аса адам мерт болды. Қыркүйектің 5-інде Минскіде Донбасстағы қақтығыстарды тоқтату туралы келісім жасалған. Бірақ соңғы апталарда Киев сепаратистерді «келісімді бұзды» деп айыптады.

Порошенко украин армиясы сәуір айындағы деңгейінен біршама жақсарғанын және Украинаның «бүкіл әлемнің қолдауына ие» екенін айтты.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141117/330/330.html?id=26695343