АЛТЫНОРДА
Новости

Педофилдерді анықтайтын бағдарлама әзірленді

лоло Деусто испан Университетінде Negobot деп аталатын арнайы бағдарлама әзірленді. Бұл бағдарлама интернет-чаттар арқылы байланысқа шығатын адамдардың педофилияға бейімділігін анықтайды. 

Әлеуметтік желіде Negobot бағдарламасы 14 жасар қыздың атынан хабарламалар жібереді. Сенімдірек болу үшін жіберілген хабарламаларда аздаған қателер мен жасөспірімдердің арасында қолданылатын қысқарған сөздер кездесетін болады. Байланысқа шыққан адам тікелей әңгімеге көшкенде ғана Negobot бағдарламасы сол адам жөнінде мағлұматтар іздестіре бастайды. Negobot-қа арнайы енгізілген бағдарламалар арқылы педофилияға бейім адамдар анықталып, олардың тізімі полиция қызметкерлеріне жіберілуі мүмкін. Қазіргі таңда бұл бағдарламаға Баск еліндегі құқық қорғау саласының қызметкерлері қызығушылық танытып жатқан көрінеді.

Гүлден Самылтырова


Lite.BNews.kz «lite.bnews.kz».