АЛТЫНОРДА
Новости

Отан алдындағы перзенттік парызды адал атқарғанда ғана Мәңгілік ел бола аламыз- Н.Назарбаев

АСТАНА. 7 мамыр. Отанға деген перзенттік парызды адал атқарғанда ғана Мәңгілік ел бола аламыз. Бүгін Қазақстан тарихындағы тұңғыш жауынгерлік парадтың ашылу салтанатында Қазақстан Президенті-Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

«Бүгін — шебі бүтін, шекарасы берік Қазақстанның әскерінің құрылған күні.
Бұл –батыр бабалардың даңқты жолы мен Отанға адалдығын тоғыстырған мейрам.
Ата-бабаларымыз бізге осынау Отанды ақ найзаның ұшы, ақ білектің күшімен қорғап аманат етті.
Қазақтың даңқты ұлы Бауыржан Момышұлы: «Өз елін мақтаныш етпеу-сатқындықпен тең» деген. Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Отанды қорғау — әрбір азаматтың қасиетті борышы. Осынау перзенттік парызды баршамыз адал атқаруға тиістіміз. Сонда ғана біз арманымызға жетіп, Мәңгілік ел бола аламыз.
Айбынымыз асқақ, байрағымыз биік, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын. Қазақстан жасасын!», — деді Мемлекет басшысы
Қ.Жұмағалиұлы

http://www.baq.kz/kk/news/27861