Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Жылдың басты салтанатты рәсімі – “Оскар-2013” өз мәресіне жетті. Салтанатты кеш қай фильмдердің таңдаулы болғанымен ғана емес, қызыл жолда кім қандай көйлекпен жарқ еткенімен қызық. Сонымен, “Оскар-2013” кешіне кім қалай киініп келді?

Джорджио Арманиді  кештің басты дизайнері атағымен ұлықтаса болады. Бұл кісінің қол астынан шыққан көйлектерді кешке келген жұлдызды арулардың көбісі киген.

Джессика Честейн Armani Prive көйлегінде. Бал түсті көйлек таңдаған Джессика 20 жылдар кино жұлдызындай болды.

Дженнифер Энистон Valentino Couture-дан киінген.

 “Екінші пландағы үздік әйел рөлін” иеленген Энн Хэтуэй Prada сән үйіне адал.

Кэтрин Зета-Джонс Zuhair Murad дизайнердің көйлегін таңдады.

Сальма Хайек Alexander McQueen-нің қара көйлегін киді.

Жас актриса Аманда Сейфрид те Alexander McQueen-нен киінді.

Атақты Джордж Клуни мен Naeem Khan киген Стейси Киблер.

“Невозможное” фильміндегі басты рөлді сомдаған Наоми Уоттс Giorgio Armani-ден металлик түстес көйлек таңдаған.

 Сандра Буллок осы жолы Elie Saab таңдады.

“Үздік фильм” атанған “Операция Аргоны” түсірген Бен Аффлек Gucci костюмін киді, ал Дженнифер Гарнер Roger Vivier көйлегін таңдады.

Николь Кидман L’Wren Scott-тан киінді.

Кеш жұлдызы “Үздік әйел рөлі” сыйлығының иегері – Дженнифер Лоуренс Christian Dior Haute Couture сән үйінен салтанатты ашық түсті көйлек киді.

 Риз Уизерспун Louis Vuitton-нан көк көйлек киді.

Шарлиз Терон Dior Haute Couture-дің ақ көйлегіне оранды.

Хэлли Берри Atelier Versace көйлегін таңдапты.

“Skyfall” әні үшін “Үздік ән” сыйлығын алған Адель өзінің стиліне сай Jenny Packham-нен киінді.

Кристен Стюарт Reem Acra көйлегін таңдапты.

“Джанго освобожденный” фильмінің жұлдызы Керри Вашингтон.

Сізге кімнің көйлегі ұнады?

Дайындаған: Сания Аринова

 

http://massaget.kz

Рубрика: