АЛТЫНОРДА
Новости

ОРЫС ТАРИХЫ ӨЗГЕРЕДІ

Путин Ресей тарихы оқулығына Қырым туралы бөлім енгізуді тапсырды

«Ресей президенті Владимир Путин министрлер кабинетіне Ресей тарихшыларының қауымдастығымен бірлесіп 15 тамызға дейін Ресей мелекетінің тағдырында Қырым мен Севастопольдің рөлін айқын көрсететін тарих оқулығының концепсиясын дайындауға тапсырма берді» деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

«Ресей Федерациясы Үкіметі Ресей тарихшыларының қауымдастығымен бірлесіп жаңа отан тарихының оқу-әдістемелік құралына Ресей империясының, КСРО және қазіргі Ресей тағдырындағы Қырымның, сондай-ақ Севастопольдің рөлі туралы деректердің енуін қамтамасыз етсін. Мерзім — 15 тамыз 2014 жыл» делінген Путиннің тапсырмасында.

Атап өтерлігі, 2013 жылы ақпанда Путин Ресей орта мектептері үшін бірыңғай тарих оқулығын дайындау қажеттігі туралы айтқан болатын. Путин, оқулықтардың бірыңғай концепсия шеңберінде құрылуы және өткен заманның әрбір парағына құрметпен қарау қажеттілігі туралы баса айтты. Сонымен қоса, ол авторларға Ресейдің тағдыры әртүрлі ұлттардан, дәстүрлер мен мәдениеттерден құрылғанын көрсету керек екенін баса айтқан болатын — Tengrinews.kz.

http://www.aikyn.kz/articles/view/50512