АЛТЫНОРДА
Новости

Онжылдықтың озық режисері анықталды

Тимур Бекмамбетов «Үздік ресейлік режисер» атағына ие болды. Сәтті туынды түсіре білген 15 режисердің қатарын Variety Russiaбасылымы жасапты.

Рейтингке соңғы 10 жыл бойында еңбектенген және қыруар табыс тапқан режисерлер кірген.

Күтілгендей, рейтингтің басында Тимур Бекмамбетов тұр, оның режисерлық жұмыстары ресейлік кинопрокатқа 140 миллион табыс әкеліпті. Тимурдың голливудтық туындылары мен продюсерлік жұмыстарын санамалайтын болсақ, табыс көлемі (соңғы бір жылда!) 272 миллион долларға дейін барады.

Ал екінші орында Федор Бондарчук тұрақтаған. Оның режисерлік жұмыстары («9 рота» және «Обитаемый остров» диологиясы) ресейлік киноайналымға 53,5 миллон доллары көлемінде табыс әкелген. Үстіміздегі жылдың соңына дейін режисердің «Сталинград» атты жаңа туындысы бұл соманы айтарлықтай көбейтеді деп күтілуде. Айтпақшы, аталған фильмдіColumbia Pictures компаниясы халықаралық прокатқа шығаруды өз міндетіне алған болатын.

Үшінші орынға Сарик Андреасян шықты. 18 айда бұл режисер 8 жобасы арқылы «Enjoy Movies» компаниясымен 63 миллион доллар жинаған. Бұл соманың 48 миллион долларға жуығы Андреасянның тек режисерлік жұмыстағы табысы болып есептеліп отыр.

Төртінші сатыда – Петр БусловОның жұмысы (Екі бірдей «Бумер» фильмдері мен «Высотцкий» туындысы) 42 миллион табыс тапқан.

Variety шорт-парақшасында 5-ші және 6-шы орындарда Марюс Вайсберг және Дмитрий Дьяченколар тұр. Әрбірінде 36–37 миллион доллар пайда бар.

Чарттың келесі режисерлері – Антон Мегердичев, Андрей Кавун, Олег Фомин және Валерий Тодоровский.

Бір қызығы, Никита Михалков бұл тізімде тек 13-ші орында болған, алФилипп Янковский 15-ші орында тұрақтаған.

Рейтинг авторларының пікірінше, осы жылдың ТОП-15 тізіміне Николай Лебедев («Легенда № 17») пен Михаил Хлебородов («Курьер из рая») кіреді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: meloman.kz

 

http://massaget.kz