Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 5 ақпан. Baq.kz Қазақстанда жұмыс істемеген әйелдерге де бала туған соң айлық төленіп, қолдау көрсетілуі керек . Парламент Мәжілісінің депутаты Розақұл Халмұрадов «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Президент Жолдауында айтылған әлеуметтік тақырыпты қозғай отырып, осылай мәлім етті деп хабарлайды BNews.kz тілшісі

«Елбасы Жолдауындағы әлеуметтік мәселелердің ішінде ана мен балаға қамқорлық танытудың салмағы зор. Менің ойымша, қыз-келіншектерімізді көп балалы болуға ынталандыру керек. Қазіргі қолданыстағы тәртіп бойынша жұмыс істейтін әйел бала туса, оған алғашқы жәрдемақымен қатар, айлық төлейміз. Ал жұмыс істемеген әйел бала туса, оған алғашқыда азын-аулақ әлеуметтік көмек береміз де қоямыз. Бірақ, жұмыс істесін-істемесін баланы бағу бірдей емес пе!? Аналарды бұрын жұмыс істеген, жұмыс істемеген деп бөлмей, айлық төлеп, көмек көрсету керек деп ойлаймын. Сол арқылы нәзік жандыларды бала тууға ынтыландыру бір жолға қойылар еді. Келешекте Елбасы Жолдауының негізінде осы мәселені бір жақты ету керек», – деді депутат Розақұл Сатыбалдыұлы өз пікірін білдіре отырып.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының «Қазақстан-2020 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауындағы «Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік» атты бір айдар түгелдей халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Елбасы ана мен баланы қорғауды жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде жариялаған болатын.
«Жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғауды жариялаймын. Мемлекет үшін және менің жеке өзім үшін де ананы қорғау – ерекше мәселе. Біз әйел затына – анаға, қызға деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз. Біз аналарды қорғап, қолдауымыз керек. Біздің елімізде жалғыз басты аналар да көп. Мемлекет баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмектесуі керек. Біз әйелдер үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызуымыз керек», – дей келе Елбасы Н.Назарбаев өз Жолдауында Үкіметке бала туу мен көп балалы болуды ынталандыру жүйесін реформалауды, медициналық және әлеуметтік қызмет, еңбек нарығында жаңа мүмкіндіктер беру және сол сияқты материалдық, матералдық емес ынтыландыруды қамтитын шаралар кешенін әзірлеуді тапсырған болатын.

 
Кенжекей Тоқтамұрат

 

http://baq.kz/news/22877

Рубрика: