АЛТЫНОРДА
Новости

«Өмір өткелдері» атты жаңа отандық телехикаяның тұсауы кесіледі

Астана. 12 ақпан. Baq.kz «Қазақстан» ұлттық арнасының арнайы тапсырысымен түсірілген «Өмір өткелдері» телехикаясының қоюшы режиссері — Нарын Ерлан 

Фильмнің қоюшы операторы Хасан Қыдыралиев, композиторы Қуат Шілдебаев. Рөлдерде танымал өнер жұлдыздары Рахман Омаров, Асылбек Боранбай, Дария Жүсіппен қатар, Ербол Ыдырысов, Омар Қиқымов, Жанат Тінбаев, Мерей Маханов, Ғани Құраш т.б актерлар ойнайды.
Телехикая «Қазақстан» ұлттық арнасында дүйсенбіден бейсенбіге дейін сағат 21.50 көрсетілді.

12 топтамадан тұратын «Өмір өткелдері» телехикаясында басты кейіпкер Айсұлудың рөлін Жәния Журинская ойнайды. Негізгі оқиға желісі шағын сауда орталығында өрбиді. Айсұлу – шет елдің алдыңғы қатарлы музыкалық оқу орнынан білім алып жүрген жас скрипкашы. Күтпеген жерден ол әкесіне тосын сый жасап, Алматыға келеді. Алайда, Қазақстанда бес жылдай уақыт болмаған музыкант қыз күтпеген жағдайларға кезігеді. Бірінші күні туған үйіне кесе, пәтердің есігін жаңа иесі ашпайды, ал қуатты бизнесмен болған әкесінің ауыр халде жатқанын естиді.
Анасынан жастайынан айырылған өжет қыз амалсыздан кәсіпкер әкесінің дүкеніне түнеп шығады. Санаулы күнге демалуға келген Айсұлу әкесінің ауыр жағдайын көріп, оның қасында қалуға шешім қабылдайды. Туған еліне бес жылдан кейін оралған қыз бизнес пен өмірде әкесінің жан достарының сатқындық жасағанына көзі жетеді. Енді оның өмірлік мақсаты — өнер мен музыка емес, осы бір қиын жағдайда әкесінің бизнесімен бірге оның абыройы мен намысын да құтқарып қалу болады.

 

http://baq.kz/news/23179