Sorry, this entry is only available in Russian. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

1330156342_kensay-kzӘзірбайжанның діни ұйымдармен байланыс жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Мубараз Гур­банлидың «Қабірстандар архитек­туралық сәулеті жөнінен елдің бас қала­ларымен иық тіресе бастады» деген пікірі елдің зиялы қауымын елең еткізді. 

Апта соңында Пар­ламент ал­дында сөз сөйлеп, қабір басына ес­керткіштерді қою мә­селесі бұдан бы­лай заңмен рет­телетінін, бұл жө­нінде арнайы заң жобасы да әзірленіп жат­қанын ескертті. Кейін ол журна­листермен кездескен кезде қабір басына белгі қою бәсекелестікке ай­налып кеткенін, мұны заңмен рет­тейтін кез жеткенін айтты.

– Егер біз заңмен реттей алсақ, ес­керткіш-белгілер бір-бірінен ерекше­ленбеуі керек. Мұндай жағдайда қазір­гідей, ас­панмен таласқан зәулім күмбездер мен мүсін орнатуға жол берілмейді. Қабір орны да арнайы тіркеу бойынша анық­талады. Заң қабылданса, біз бұл мәселені шеше аламыз, – дейді ол.

Бакудегі бауырларымыз марқұмдарға қойылар құлпытаcтарды «еуропалық стандартпен» біріздендіруге талпынып жатқанда біздің Үкімет Астана қаласында жаңадан бой көтерген «Ұлттық пантеон» инфрақұрылысына 1 млрд теңге бөлді. Байқауға қатысу үшін 7 компания, соның ішінде осы сияқты нысандарды жобалауда тәжірибесі бар 3 шетелдік (АҚШ, Италия, Иран) және 4 қазақстандық компания шақырылды» деген хабар тарады. Бөлін­гелі отырған қаржы аспанмен бой тіреген асып кесенелерге жұмсала ма, әлде ха­барда көрсетілгендей, оның инфрақұ­ры­лымына жұмсала ма, бізге ол жағы белгісіз. Бірақ осы тақырыпқа пікір білдір­гендердің басым көпшілігі «Ұлттық қабірстанға қаржы бөлуді бастамастан бұрын, қабір басына қойылатын белгілерді біріздендіретін заң жобасын талқылау қажет, Кеңсай тәрізді «өлілер қалашы­ғындағы» жер телімдерінің аспандап кеткен бәсін төмендетер еді» деген ойды алға тартады. Себебі қабірстандардың инфрақұрылымы ғана емес, архи­тек­турасы біздің ел үшін ғана өзекті болып тұр. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мұхаммед: «Адамның денесі қойылған қабірдің төмпешігі бір қарыстан жоғары болмасын» деген. Бұл неліктен? Келешекте бұл жерге адамдар қайтадан жерленеді. Келешекте бұрынғы қабір де қайтадан жерге айналып кетуі керек. Біздің алдымызда қаншама ислам ғұламалары мен әулие адамдар өтті. Олардың көбінің басына ерекше белгі қойылған жоқ. Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-нің өзінің хадис-шарифінде: «Аспаннан жауған жауын да, қар да, соққан жел де, өсіп жатқан өсімдіктердің барлығы да қабірдің астында жатқан адамның күнәсін жеңілдетеді» деген.

 Алматы ислам институтының оқу бөлімінің меңгерушісі Тайыр­жан Юлдашев өлім келген уақытта оған төрт түрлі міндет парыз екенін айтады. Ол жуу, кебіндеу, жаназа оқу, жерлеу. Ал қабір басын мүсін­мен айшықтау, қымбат тастармен суретпен әшекейлеу – жат ағым­дардан келген түсінік. Оның пай­ым­дауынша, Шариғат бойынша басы артық шығынға жол жоқ. Қабірдің айналасын қоршап қоюға ғана рұқсат.

– Бұдан өлген адамға артында қалғандардан тек дұға ғана сауап. Айналамызда көмек-жәрдемге мұқ­таж адамдар көп бола тұра, осындай басы артық шығын тірі­лерге де күнә. Мұндай шығыннан аруақ та «көзім тіріде балаларыма басы артық шығынның күнәсінің ауырлығы жөнінде жеткізіп айта алмадым-ау » деп қиналатын көрі­неді, – дейді Тайыржан Юлдашев.

Ата-бабаларымыз жерленген қорымның кіре берісіне «Біз де сіздей болғанбыз, Сіз де біздей бо­ла­сыз» деп жазған сөздері көзден таса болғалы да біраз болды. Есе­сіне, құны 50-100 мың АҚШ долла­рына бағаланған мәрмәрмен қапталып, алтынға малып алған асқақ күмбездер ауылға да жетті.

Дін тақырыбын тереңдеп зерттеп жүрген журналист ағамыз Марат Тоқашбаев түбі, тегі бір әзір­байжан бауырларымыздың осы  мәселені көте­руінің өзі бізге ой салуы керектігін айтады. Бүгін ана дүниеге аттанған марқұмның іздеушісі бала, немере, одан қалса шөберемен ғана шекте­леді. Немене немесе туажат үшін ол бейтаныс адам. Қазір тіпті Кең­сай­да өзі тұр­мақ, әйелі, баласы, не­ме­ресі мен шөбересіне дейін жер алып, қор­шап қойған жер телімдері жетеді.

– Біздің бәсекеге қабілет­тілі­гіміз, әзірге қабір басына қойған белгілермен де толығып тұр. Әлем­де ғана емес, мұсылман әлемінде де қабірге қойылған ескерткіштердің биіктігі мен бағасының қымбат­тығы жөнінен алдына қара салма­ған ел біз ғанамыз. Меккеде пай­ғам­барымыздың сахабаларының басына қойылған кірпіштей ғана белгі бізге ой салар емес. Тіпті көр­ші өзбек пен қырғыз, түрікмен елін­де де мұндай дарақылық сон­шалықты тамырланған жоқ.

Қазір Кеңсайда осыдан жарты ғасыр бұрын жерленген қабірлер құлпытасы құлап, жермен-жексен болып жатыр. Алтынмен апталып, мәрмәрмен қапталған күмбездер де ертең соның кебін кешеді. Сондық­тан Астанадағы қабірстанды қаржыландырмас бұрын, қабір басына белгі қою, марқұмдарды жерлеу мәселесін заңмен реттеп алған жөн. Болмаса, күні ертең аруақ­тар қалашығы да әсем Аста­намызбен бәсекелесіп, иық тіресіп шыға келеді, – дейді Марат Тоқаш­баев.

Сонымен… Айтқымыз келгені, заманға сай жаңа кәсіп қарыштап келеді. Оған жүгініп жатқандар да жоқ емес. Анықтауымызша, Алма­тыда осындай өлікке қызмет көр­се­тетін ондаған мекеме бар. Біреуіне хабарластық. Жіңішке үнді орыс әйел: «Келіңіз, көріңіз!» – деді. Қызмет құнымен таныстық. Табыт – 10-200 мың, темір қоршаулар – 10-20 мың, катафалк қызметі – 20-300 мың, мәйітті тоңазытқышта сақ­­тау – 5-10 мың, жуындыру – 7 мың, қабіршілер бригадасы – 15-30 мың теңге. Тіпті 30-50 мың АҚШ долларына Кеңсайдан жер де алып береді екен. Түйгеніміз, Алматы­ның күншығысы қабірқалаға ай­на­лып кеткен. Бара-бара орын қал­май­тын түрі бар. Орталық зиратта орын жоқ. 1-Кеңсай да қабірге толып, 2-Кеңсай жыл санап кеңе- й­іп келеді. Алматы облысының бұ­рын­ғы әкімі Серік Үмбетов Кең­сай­дың басқа жаққа көшірілетінін айтқан еді. Бірақ тым-тырыс. Ал ұзынқұлақтан естуімізше, 3-Кеңсай қорымы ашылады-мыс…

Рубрика: