АЛТЫНОРДА
Новости

Өлгейдегі қазақтар Наурыз мерекесіне орай «Мәдениетті отбасы» байқауын жариялады

Моңғолия. 20 ақпан. BAQ.KZ – Моңғолияның Өлгей қаласында орналасқан қандастарымыз Наурыз мерекесін ерекше қарсы алуды жоспарлап отыр. Жыл сайын жоғары деңгейде атап өтетін ұлттық мерекені өлгейлік ағайындар тек ойын-сауқыпен ғана емес қала тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануымен де байланыстырып отыр. Бай-Өлке қазақ радиосыныңхабарлауынша Өлгей қалалық әкімдігі «Мәдениетті отбасын» анықтауға арналған байқауды жариялап отыр екен.  

Наурыз мерекесі ежелден тазалық пен қайырымдылықтың көрініс табатын, тың тіршіліктің басталатын күні ретінде ерекшеленіп келеді. Жер бусанып, бар тіршілік жандана бастайтын мезгілді Жаңа жыл ретінде қабылдап келген халқымыз 22 наурызда арадағы араздықты ұмытып, көктемнің шуақты күніндей мейірімді болуға бір-бірін шақырады. Қаһарлы қысты ұзатып салып, баладан бабаға дейін көшеге шығып ағаш отырғызады. Бұлақ аршып, жолдарды тазалайды. Ұлттық мерекенің осындай қырларын да ашып, халықты салауатты өмір сүруге шақыруды мақсат еткен Өлгейдегі отбасылар байқауы әр жанұяның тіршілік етіп, қызмет жасауға және оқып білім алуға мүмкіндіктері бар-жоғын, тұрмыстық бұйымдарының реттілігі мен гигиеналық талаптарға сай болуын, сондай-ақ үй ауласын жасылдандырып, бөлмелерге гүлдер өсіру жағын да сынға салмақ.
Ақпанның 18-і мен Наурыздың 18-і арасында өтетін байқау 22 наурыз күні жеңімпаздарды жариялайтын болады.

 

http://baq.kz/kk/diaspora/920