АЛТЫНОРДА
Новости

«Нұр Медиа» холдингі басшысы ауысты

«Нұр Медиа» холдингінің бас директоры болып Жанай Омаров тағайындалды. Бұл туралы бүгін холдинг құрылтайшысы – «Нұр Отан» партиясының ресми сайты хабарлады. Бұған дейінгі бас директор Болат Берсебаев орынбасар қызметіне ауыстырылған.

«Нұр Отан» партиясының хабарламасында холдингті биылғы қаңтар айынан бері басқарған Берсебаевтың холдинг активтерін қайта құрылымдап, «өзіне қойылған міндетті орындағаны» айтылған. Ал жаңа басшыға холдингтің контенттік жағы, идеологиялық мазмұнын дамыту міндеті қойылған.

Жанай Омаров бұған дейін Қазақстан президенті әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған. «Қазақстан» телерадиокорпорациясын, ҚазАқпарат агенттігін, «Казахстанская правда» басылымын басқарған.

«Нұр Медиа» холдингіне «Дала мен қала», «Страна и мир», «Айқын», «Литер», «Нұр Астана», «Түркістан», «Известия-Казахстан» басылымдары мен «Астана» телеарнасы, «Деловая волна» және «NS» радиостанциялары кіреді.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140923/330/330.html?id=26601740