АЛТЫНОРДА
Новости

Назарбаев пен Путин Атырау форумына қатысады

Бүгін Атырауда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин екі елдің 11-аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысады. Форумның тақырыбы — «Көмірсутек саласындағы инновация» деп аталады.

Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумы жыл сайын алма-кезек екі елдің шекаралас аймақтарындағы қалада өткізіліп келеді. Форум аясында Назарбаев пен Путин жеке кездеседі деп жоспарланған.

Форум барысында президенттер екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастар және 10 қазанда Минскіде өтетін Кеден Одағына қатысты келіссөздерге дайындық жайын талқылайды деп хабарланып отыр.

29 қазанда басталған форумның алғашқы күнгі шараларына Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов, Қазақстан мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин, Ресей энергетика министрлігінің жоғары лауазымды шенеуніктері қатысқан.

Президенттер келердің қарсаңында Атырауда қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140930/330/330.html?id=26613225