АЛТЫНОРДА
Новости

Назарбаев Бельгия королімен кездесті

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Атырау, 30 қыркүйек 2014 жыл.Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бельгияға сапарында осы елдің королі Филиппен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу кезінде басшылар екіжақты ынтымақтастықтың саяси және мәдени-гуманитарлық саладағы негізгі мәселелерін талқылаған.

Нұрсұлтан Назарбаев Бельгияға 8 қазан күні барған. Мұнда ол Бельгия королімен қатар Еуропа комиссиясының басшылығымен де кездеспек.

Бұған дейін Назарбаевтың Бельгияға сапарынан соң, 10 қазан күні Минскіге баратыны хабарланған. Минскіде ол ТМД елдері басшылары кеңесінің кезекті жиынына, Еуразия экономикалық қауымдастығының мемлекетаралық кеңесі мен Еуразия экономикалық кеңесінің отырыстарына қатысады.

http://www.azattyq.org/content/news/26628294.html