Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 19 наурыз. Baq.kz – 22 наурызда басты спорттық жарыстар Астана қаласы әкімдігінің алдындағы алаңда, сондай-ақ аудандардың орталық алаңдарында және «Пригородный», «Талапкер», «Железнодорожный», «Өндіріс», «Мичурино», «Көктал» және «Үркер» елді мекендерінде өтеді. Бұқаралық жарыстар сағат 10.00 басталады.

Бұдан басқа, спорттық-мерекелік бағдарламаға: 18-23 наурызда «Сарыарқа» республикалық велотрегінде таэквондодан жасөспірімдер арасында ашық қалалық жарыс, 19 мен 21 наурызда елордалық шаңғы-роллерлік трассада шаңғы жарысы, 21-25 наурызда «Қазақстан» СК су добынан ҚР чемпионатының шешуші кезеңін өткізу енгізілді.

22-26 наурызда «Сайран» футбол алаңында кішкентай спортшылар арасында футболдан турнир өтпек. 22 наурызда «Астана-Арена» стадионында «Ақтөбе» мен «Шахтер» командаларының кездесуімен ҚР чемпионатының жаңа маусымы ашылады. 23-29 наурызда «Кеден» СК ерлер арасында волейболдан ҚР чемпионатының төртінші кезеңі өтетін болады. Жеңіл атлетиканың жанкүйерлері де назардан тыс қалған жоқ – 23 наурызда Астаналық саябағында 10 км шақырымға жүгіруден IV қысқы Астана Кубогы өтеді. Ал 24 наурызда «Дәулет» СК теннистен халықаралық жарыс басталады. Наурыз мейрамына орай спорттық іс-шаралардың шеңберіндегі соңғы жарыс – 25 наурызда «Еуразия» СК өтетін балалар үйлерінің шәкірттері арасында шағын футболдан сайыс болады.

 

http://baq.kz/kk/news/44888

Рубрика: