АЛТЫНОРДА
Новости

Натан Уолштың әйгілі туындылары

Осы бір кескіндерге қарашы. Сөзсіз бір қаланы жарқ-жұрқ еткізіп фотоаппаратқа түсіріп алғандай. Бірақ, бұлардың бәрі суретке бергісіз картиналар. Атақты британ (кейде американ суретшісі деп айтылады) суретшісі Натан Уолштың фотореализм жанрындағы әйгілі туындылары. 

Натанның сөзіне сенсек, әр суретке үлкен дайындық пен мұқият зерттеу қажет екен. Қаладағы кез келген уақыт аурасын егжей-тегжейлі қарайтын автор көбіне геометриялық формаларды келтіруде бар күшін сарқып келген. Соңғы уақыттарда көлеңкелерді жиі ойнатып, бояуларды құбылтуда да еңбектеніп келе жатқан көрінеді. Әрине, өз кезегінде сурет ішіндегі адамдарды айтпай тұра алмаспыз. Мұнда да өнерде біртуар азамат өзіндік ерекшеліктерге ұмтылатынын жасырмайды.

Натан Уолш (Nathan Walsh) Ливерпульде дүниеге келген. Зерек баланың алғашқы білімі өнер мектебінен бастау алып, кейіндеу Халл атындағы жоғары оқу орнымен сәтті аяқталады.

Бүгінгі таңда Уолш мырзаның еңбектері әлемдік алдыңғы қатарлы мұражайларда, сонымен қатар жеке топтамаларда (коллекция) бой көрсетіп келеді.

Ғажап емес пе?! Аталған қылқалам шеберінің туындыларын фотография деп санауға да болады. Алайда, картинаның бағасы бір елі жоғары ұшпақта тұратынын ұмытпайықшы.

сурет:re-actor.net

Дайындаған:Фараби Арыстанбек

http://massaget.kz