АЛТЫНОРДА
Новости

Моңғолия қазақтары

Өлгей. 13 қаңтар. BAQ.KZ – Қазақ халқының ежелгі ұлттық ойындарының бірі – тоғызқұмалақ Моңғолия елінде өркендеп, дамуы үшін Моңғолия «Тоғызқұмалақ» Федерациясы құрылды. Бұл туралы Kaznews.mn хабарлап отыр.

Қазақ халқының ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев тоғызқұмалақ ойынын ерекше мадақтаған. Әсіресе Абай бұл ойынды сүйсініп ойнаған. Тоғызқұмалақты ойнау үшін Абайдың ауылына көне ойынның шеберлері мен ойыншылары әдейі жиналады екен. Абай бос уақытында ойынды ұйымдастыру үшін үнемі ойын тақтасын алып жүрген.
Тоғызқұмалақ – 4 мың жылдық тарихы бар, қазіргі уақытта әлемге әйгілі зияткерлік ойындардың ішінде ерекше маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі.
Қазақ халқының ежелгі ұлттық ойындарының бірі – тоғызқұмалақ Моңғолия елінде өркендеп, дамуына үлес қосу үшін 2014 жылы қаңтардың 11-і күні Моңғолия «Тоғызқұмалақ» Федерациясы құрылды.
Моңғолия «Тоғызқұмалақ» Федерациясының Президентіне МҰҚ мүшесі Бәкей Ағыпарұлы, Вице президентіне Баян-Өлгий аймағының әкімі Дәрмен Құзыкейұлы, атқарушы директорына АсылханСәкейұлы тағайындалды.
http://baq.kz/kk/diaspora/894