АЛТЫНОРДА
Новости

«Маймылдар ғаламшарының таңы» туралы деректер

«Маймылдар ғаламшарының көтерілісі» фильмінің жалғасы шығады деген хабардың тарағанына аз уақыт өткен жоқ. Сол кезең ішінде оның режиссері бекітіліп, негізгі актерлік құрам да белгілі бола бастады.

Цезарь есімді ақылды маймылдың образын әдеттегідей Энди Серкис сомдайды. Сондай-ақ сиквелге Джейсон Кларктың қатысатыны белгілі болып отыр. Австралиялық актер көрермендерге «Заңсыз» фильмі арқылы, және биыл жарық көретін «Түнгі қараңғылық», «Ұлы Гэтсби» картиналары арқылы белгілі. Оған болашақ жобада қандай рөл берілгені әзірге белгісіз.

«Dawn of the Planet of the Apes» («Маймылдар ғаламшарының таңы») деп аталатын сиквелді Мэтт Ривз түсіреді.

«Маймылдар ғаламшарының таңында» бірінші фильмде баяндалған оқиғадан 15 жылдан кейінгі өмір көрсетіледі. Сюжетте маймылдардың иелігіне өткен Сан-Франциско ғалымдары туралы және өзінің билігін сақтап қалу үшін күресетін маймыл Цезарь туралы айтылмақ.

Жоба продюсерлері ретінде Питер Чернин, Дилан Кларк, Аманда Сильвер және Рик Джаффа есімдері аталды. Сценарий авторы Марк Бомбак болады. Түсірілім 2013 жылы көктемде басталады.

 

Дереккөз: lenta.ru