АЛТЫНОРДА
Новости

Литва президенті сайлаудың екінші кезеңіне түседі

Литва президенті Даля Грибаускайте 11 мамыр күні өткен президент сайлауында қарсыластарынан басым дауыс жинап, сайлаудың екінші кезеңіне өтті.

Литваның сайлау комиссиясы берілген дауыстың түгелге жуығын санап, Грибаускайте сайлаушылардың 45 пайызға жуығының қолдауына ие болғанын хабарлады. Ол енді 25 мамыр күні сайлаудың екінші кезеңінде өзінен кейін екінші орында тұрған социал-демократ, солшыл саясаткер Зигмантас Бальчитиспен сынға түседі.

Даля Грибаускайте Ресейдің Украинадағы әрекеттерін қатаң сынап, сайлаушылар алдындағы беделін біршама көтеріп алған. Грибаускайте — Совет одағы мен АҚШ-та қатар білім алған экономист.

Ол 2009 жылы Литваның алғашқы әйел президенті болып сайланған.

 

http://www.azattyq.org/archive/news/20140512/330/330.html?id=25381112