АЛТЫНОРДА
Новости

Латвияға АҚШ әскери техникалары жеткізілді

АҚШ билігінің дерегінше, Латвия астанасы Ригаға 750-ге жуық америкалық танкілер, тікұшақтар мен басқа да әскери техникалар әкелінген. Пентагон таратқан мәлімдемесінде «бұл әскери техника — Ресейдің басқыншылық саясаты күшейген тұста АҚШ-тың НАТО-дағы одақтастарына адал екенін білдіру үшін жүргізіліп жатқан «Атлантикалық батылдық» операциясының бір бөлігі» екені айтылады.

Келесі аптада аймаққа АҚШ-тың үшінші жаяу әскер дивизиясының үш мыңға тарта сарбазы келе бастайды. Жоспар бойынша олар Балтық бойында үш айдай болмақ. Сарбаздар АҚШ-тың НАТО-дағы серіктері — Эстония, Литва және Латвиямен бірлескен жаттығуларға қатысады.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26890829