АЛТЫНОРДА
Иносми

ҚЫТАЙ ҚУАТЫН АРТТЫРАДЫ

images (2)Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының 5 наурызда ашылған жыл сайынғы сессиясы өз жұмысын аяқтады.
Қытайлық заң шығарушылар сессия жұмысының бірінші күнінде ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцян мәлімдеме жасаған Үкімет жұмысының есептік баяндамасы бойынша қарар қабылдады. Депутаттар үкіметтің жұмысын мақұлдап, 12-ші бесжылдықтың соңғы 2015 жылғы елді экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарын қабылдады.

Сессия жабылар алдында заң шығарушылар 2015 жылғы мемлекеттік бюджетті де қабылдап, Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің, Жоғарғы сот пен Бас прокуратураның жұмысын мақұлдады, заң шығарушылық туралы заңға өзгерістер енгізді, сондай-ақ Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің кадрлық құрамы бойынша шешімдер қабылдады.

Сессия аяқталған соң Ли Кэцяннің баспасөз мәслихаты болып өтті. Ол қытайлық және шетелдік тілшілердің 17 сұрағына жауап берді. «ҚазАқпарат» назарыңызға оның берген жауаптарының негізгі тезистерін ұсынады:

— 2015 жылы Қытайдың билік көздері ЖІӨ-нің 7 пайыз деңгейіндегі өсімін қолдайды;

— Қытай Үкіметі Гонконгқа қатысты саясатын қатаңдатпайды;

— Үкімет бала тууды жоспарлау саясатының болуы мүмкін жұмсарту мәселесін зерттеу үстінде;

— Қытай басшылығы жемқорлықпен күресін жалғастыруды көздеп отыр;

— Биылғы жылдың қаңтар айында ҚХР-дың күшіне енген қоршаған ортаны қорғау туралы заңы қатаң түрде орындалатын болады. Ластайтын қалдықтарды заңсыз тастайтын кәсіпорындар жазаға ұшырайды;

— қытайлық үкімет экономикалық өсімнің бәсеңдеуі жағдайында нарықты жандандыру мақсатымен кәсіпкерліктегі «бөгеттерді жойып, жол салуды» жалғастырады. Бизнесті бастауда соңғы 2 жылда үштен бір бөлікке қысқартылған рұқсат беру процедуралары жеңілдетіледі. Бұл кәсіпкерлер мен шаруашылық субъектілердің санын 50 пайызға көбейтуге мүмкіндік берді;

— Бейжің реформаларын жалғастырады, соның ішінде Қытай әлсіз дамыған аудандардағы әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылысын 1 млн. бірлікке дейін арттырады;

— Қытай мен АҚШ-тың сауда-экономикалық байланыстары одан да тығыз болуы мүмкін, оған ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің алдағы уақытта АҚШ-қа жасаған сапары септігін тигізбекші;

— Қытай Украина мәселесінде объективті және әділ позицияны ұстанып, бұл елдің тәуелсіздігін, егемендігі мен аймақтық тұтастығын құрметтейді;

— Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 70 жылдығында қытайлық-жапондық қатынастар алдында «сынақтар да, мүмкіндіктер де» тұр.

ҚазАқпарат