Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Осрбльеде (Словакия) басталған қысқы универсиадада Қазақстан екі алтын медаль алды.

Шаңғыдан әйелдер арасында спринтте Анастасия Слонова универсиада чемпионы атанды. Польшалық Эвелина Марчиж күмісті, ресейлік Светлана Николаева қоланы иеленді

Биатлоннан әйелдер арасында 15 километрлік спринтте Алина Раикова ол қашықтықты 47:29,4 минутта жүріп өтіп, алтын ұтты. Одан 10 секунд кеш келген ресейлік Екатерина Авакумова күміс медаль иеленді. Қола медальді словак Паулина Фиалкова алды.

Биылғы қысқы универсиада Осрблье мен Гранадада (Испания) өтпек. Словакияда шаңғы, биатлон жарыстары, Испанияда шорт-трек, хоккей, коньки, фристайл, тау шаңғысы, сноуборд жарыстары ұйымдастырылады.

25 ақпанда басталған Қысқы универсиада 14 ақпанда аяқталады.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26813462

Рубрика: