АЛТЫНОРДА
Новости

Қымбатты отандастар!

ассамблеяҚазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді  жылдың басы —  Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтайды!

Наурыз барша жұрт асыға күтетін жалпыхалықтық мереке, елдік дәстүр. Халқымыз үшін бұл күн қашанда ырыс пен ынтымақтың, татулықтың, жаңарудың  мерекесі. Ұлыстың ұлы күні елдің бірлігі бекіп, елдік мұраттар сабақталады. Ағайын өткеннен қалған өкпе-назын ұмытып, төс қағысып сәлемдесіп, бір дастарханнан дәм татады.

Бұл күні табиғат ұйқысынан оянып, күн сәулесі шуағын шашады, құстар ән салып, дала жасыл желекке оранады. Әз Наурыз келгенде жер дүние жаңарып, табиғат түлеп, төрт түлік төлдеп, дастарқан аққа толады, елдің мерейі үстем болып, жер үстінде шаттық тойы, береке тойы басталады.

Халқымыздың сүйікті мерекесі бүгінгі өмірімізге еніп, ата салтымыздың жаңғыруының, дәстүрлер сабақтастығының жарқын белгісіне айналды.

Өткенімізден қуат алып, келешегімізге шуақ шашатын Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесінің біздің басты қазыналарымыз – елдік жарасым мен қоғамдық келісімді, Қазақстан халқының бірлігін нығайтуда маңызы ерекше.

Осындай құндылықтарымызды сақтай отырып, біз ұлы мұратымыз «Мәңгілік Ел» болу жолында еліміздің Тәуелсіздігін нығайтып, бірлігін бекем ұстаймыз.

Құрметті отандастар!

Наурыз, ынтымағы жарасқан  елімізді молшылыққа, ал әр шаңырақты – бақыт пен шаттыққа толтырсын деп тілейміз. Әрбір адамға  бақ-береке тілейміз!

 

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Наурыз мейрамы құтты болсын!

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы