Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

IMG_6935 (1)Түркістан қаласында соңғы жылдары ондаған шағын кәсіпорындар пайдалануға берілді. Кәсіпкерлердің саны еселеп артты. Ауылшаруашылығы мен өнеркәсіп қатар дамып келеді.

 Осыдан шамалы ғана уақыт бұрын  қалада   индустриалды аймақ құрылды. Ол жұмыссыздықты азайтып, Түркістанның экономикалық әлеуетін арттырмақшы.  Инновациялық жобалар кәспкерліктің дамуына серпін бермекші. Нарықтық қатынаста шығармашылықпен ойлаудың негізін қалайды деген үміт басым. Қазір Түркістан қаласының экономикалық әлеуетін  одан әрі арттыруға жаңаша көзқарас сезіледі. Тың бастамалар көбейіп тұр.

Дәл қазірге дейін Түркістан қаласының индустриялық аймағында  іске асатын 9 жоба арнайы құрылған комиссия тарапынан мақұлданды. Оларға  20 гектардан астам жер берілді. Сол жобалардың арасында  ион алмастыратын смола өнімін шығару, шыныпластикалық арматура өндіру, күн сәулесінен баламалы энергия өндіретін панель жасау да бар. Бұл өнімдер осы кезге дейін шет елдерден алынып келгенін білеміз. Демек Түркістанда импорт алмастыруға  деген құлшыныс бар. Жиһаз өндірісіне де жаңаша көзқараспен қарай бастады. Еуропа елдерінен әкелінген Қазақстанда жоқ  технологиялар бойынша жиһаздар жасауды қолға ала бастамақшы.

Түркістан индустриялды аймағын құруға  қазынадан  850 млн. теңге  бөлініп, ол толық игерілді. Енді мұнда  алдағы жылдары 10 млрд. теңгенің өнімдерін шығаратын   кәсіпорындар жұмыс істейді. Бұл біздің сөзіміз емес. Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Т.Мұсабаев осылай деді.

Индустриалды аймақта дәл қазір  5 жобаның құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Биылғы жылдың  соңына дейін 2 кірпіш зауыты және шыныпластикалық арматура шығаратын өндіріс іске қосылады. Жоспар осындай.

 IMG_6935 (1)Әрбір кәсіпорынның құрылыс жұмыстарының графигі Түркістан қалалық әкімдігі тарапынан мақұлданған. Оның барысын қалалық әкімдік қатаң бақылап отыр. Егер қандай-да бір кідіріс байқалса жедел шара қолданады, кәсіпкерлер қажет деп тапса оларға дереу қол ұшын созады. Осы жобалардың арасынан жаңа кірпіш зауыты жақында іске қосылды.

Күйдірілген кірпіш өндірісі облыстың басқа аймақтарында да бар. Бірақ Түркістанның кірпішінің жөні бөлек.

Түркістанның кірпішіне  сұраныс жоғары. Қаласының аумағында  қазір    жылына 22 млн. дана кірпіш шығарылады. Бұл қажетті деңгейден екі еседей аз. Қалада құрылыс қарқыны жоғары.  Жыл сайын шамамен 40 млн. дана кірпіш қажет.

Республикадағы құрылысшылар  Түркістандағы   кірпіш өндірісіне қажетті шикізаттың сапасы жоғары екеніне айтады. Көне қаладағы Қожа Ахмет Ясауидың кесенесін  саларда  Ақсақ Темірдің  біраз жердің топырағынан кірпіш құйдырып, оларды сынақтан өткізіпті. Кірпіштің сапасын оның беріктігіне, ауа райының тосын жағдайларына төзімділігіне, мысалы, су мен қарға төзімділігіне қарапты. Сонда  Түркістанның топырағынан құйылған  кірпіш жоғары баға алыпты. Кесенінің кірпіштерін Түркістанда құйдырыпты.  Сол кесене арада ондаған ғасыр өтсе де баяғы күйінде тұр.

Түркістанмен көршілес облыстар мен аудан, қалалардан  келген  тұтынушылар да Түркістанның кірпіш зауыттарына тапсырыс береді.  Кәсіпкерлердің Түркістан топырағынан өндірілген  кірпішерге құмарлығы осыдан. Көне қаладағы кірпіш зауыттарының өніміне тапсырыс жоғары болуының негізгі сыры осында.

Қала әкімінің орынбасары Т.Мұсабаев «Түркістандағы индустриялық аймақтың  жалпы аумағы 40 гектар» деді.  Аймаққа  автомабиль жолы, темір жол салынған.  Электр қуаты жеткізілген.  Ауыз  су, техникалық су, жүйелері тартылған. Егерде аймақта салынатын кәсіпорындар көбейген жағдайда  оның көлемін ұлғайтуға да мүмкіндік мол.

-Түркістан қаласындағы индустриалдық аймақта өндірілген өнімді сыртқа тасымалдау  да оңай. Түркістан тоғыз жолдың торабында тұр.  «Алматы-Мәскеу»  темір жолы, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізі рухани астана  арқылы өтеді. Логистикалық мүмкіндігі мол болғандықтан  салатын жаңа кәсіпорынды біздегі индустриалды аймақта орналастыруға ниет білдірген  инвесторлар көп, -дейді қала басшылығы.

-Жобалардың арасынан инновациялық сипаты жоғарыларына ерекше мән береміз. Туристер көп келетіндіктен жобаның экологиялық тұрғыдан мінсіз болуына  баса назар аударылуда, -дейді қала әкімі Әліпбек Өсербаев. 

Аймақтағы кәсіпорындар толық өндірістік қуатында жұмыс істей бастаған кезде  5 МвТ электр қуатын қажет етеді екен. Түркістан қалалық әкімдігі  бұл мәселенің де  көп ұзамай шешілетінін айтып отыр. Биылғы жылдың қараша айына дейін 16 МвТ электр қуатын тарататын подстанцияның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмекші. Ол  осы маңдағы тұрғын үйлерге және индустриалды аймаққа қуат береді.

Рубрика: