Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Санкт-Петербургте 700 мың АҚШ доллары жұмсалып, жаңадан салынған Мариинск театрының екінші ғимаратын жергілікті жұрт ұнатпай, әлеуметтік желілерде қызу талқылап жатыр. Сәулет өнерінің әуесқой сыншылары жаңа театрды “алып туалетке” де теңеп үлгерді. Бірақ көпшілікке ұнамай қалған әйгілі ғимарат жалғыз Мариинский-2 емес. Фотогалереяға наза салыңыз.

Published 15.02.2013

11889 жылы Парижде өткен дүниежүзілік жәрмеңкенің алып қақпасы ретінде салынған Эйфель мұнарасын сол кездегі өнер қайраткерлері түгелге жуық сынап шыққан еді. Мұнараны сыншылар “мағынасыз, құбыжық құрылыс” деп сипаттаған. Бастапқыда жобаның авторы Густав Эйфельге мұнараны 20 жыл ғана ұстап тұруға рұқсат берілген. Туристер қаптап кеткесін жергілікті әкімшілік бұл мерзімді ұзартып жіберген.

21983 жылы салынып болған Праганың жаңа сахналық өнер театры да көпшілікке ұнамай, “қатып қалған зәр” деген атқа ие болды.

31977 жылы ашылған француз саясаткері Джордж Помпиду орталығы да нақты фасады болмағандықтан өткір сынға ілінген еді. Түрлі түсті құбырлармен қапталған мұражайды сыншылар түкке алғысыз етіп тастаған. Орталық ашылғалы бері оны 150 миллион адам келіп көріпті.

4Испанияның Бильбаосындағы Гуггенхайм мұражайы да 1997 жылы ашыла салған кезде The Project for Public Spaces ұйымына ұнамай қалып, “қаланың әлеуметтік өмірін бейнелей алмайтын орын” ретінде сыналған еді. Қазір музей Бильбаоны жаңа қырынан танытуға үлес қосты деп есептеледі.

5Қазіргі заманғы архитектураның озық үлгісі деп саналатын Нью-Йорктегі Соломон Р. Гуггенхайм музейі 1959 жылы ашылған кезде ішіне өнер туындыларын ілуге ыңғайсыз ғимарат ретінде сынға ұшыраған.20-дан астам суретші картиналарын ілуге қарсы да шыққан.

61989 жылы Луврда ашылған Пирамида көне мұражайдың классикалық сәнін бұзды деп айыпталған еді. Қазір туристер жеке басына көп келетін Париждегі сәнді орынға айналды.

7Англияның Ливерпуліндегі қалалық шіркеу 1967 жылы салынған болатын. Жергілікті халық оны “Мерси шұңғымасы” (Мерси өзеніне теріс төңкеріліп қойған “воронка”) деп атап кеткен. CNN жақында бұл шіркеуді әлемдегі ең сорақы ғимараттың бірі деп атады.

8Сиэтлдегі “Музыканы сезін” ғимараты 2000 жылы тұрғызылды. Басында жұрт жаппай сынағанмен, келе-келе көздері үйреніп кеткенін, тіпті жақсы көре бастағанын айтқан.

9Минскіде 2006 жылы ашылған Ұлттық кітапхананы The Daily Telegraph газеті әлемдегі ең сүйкімсіз 21 ғимараттың біріне жатқызды.

10Косовоның Приштинасындағы Ұлттық университет кітапханасы 1982 жылы ашылған. 73 шағын шыны күмбезі бар ғимаратты бір туристік агент “һәм ғажап, һәм абсурд” деп суреттеген.

11Варшавадағы Мәдениет пен ғылым сарайы 1955 жылы “Польша халқына Совет Одағының сыйы” ретінде ашылған. Жергілікті тұрғындар ғимаратты қаланың еңсесін басып тұрады, әрі советтік архитектурасы анық көрінеді деп ұнатпайды. “Сталиннің шприці” деген аты да бар.

12Прагада 2007 жылы таныстырылған Чехияның ұлттық кітапханасы үшін салынуы тиіс жаңа ғимараттың архитектор Ян Каплицкий жасаған жобасын сол кездегі президент Вацлав Клаустан бастап қарапайым тұрғындарға дейін ұнатпай тастады. Ақыры “сегізаяқ” деген атқа ие болған жоба жүзеге аспай қалды.

13Париждің мэрі мен тұрғындары жаппай қарсы шыққан Сена өзенінің жағасына салынуы тиіс болған алып Орыс православие орталығының ғимараты ақыры салынбай қалды. Орталықтың бастапқы дизайны осындай еді.

http://www.azattyq.org/media/photogallery/24906538.html

 

Рубрика: