Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қазақстан заңнамасы бойынша президенттің кезектен тыс сайлау өткізу шешімін қабылдауына әрқандай бір шектеу жоқ, деп жариялады Конституциялық кеңес.

Бүгін Қазақстан Конституциялық кеңесі сенат ұсынысына қатысты осылай түсінік берді. Онда президенттің кезектен тыс сайлау өткізуге жеке-дара құқығы бар екені айтылған.

Конституциялық кеңес кезектен тыс сайлау тағайындау белгілегенде конституцияның 41-бабының 3-тармағында қарастырылған, президент сайлауы мерзімі жағынан парламенттің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуін ескеру қажет дейді.

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ақпанның 19-ында Конституциялық кеңестен конституцияның 41 бабы 3 тармағының елде кезектен тыс президент сайлауын белгілеу туралы 1 бөліміне түсінік беруді сұраған.

Ақпанның 14-інде Астанада өткен кеңесінде Қазақстан халқы ассамблеясы кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы бастама көтерген. Ассамбеля ұсынысын парламент мәжілісі мен сенаты, саяси партиялардың көпшілігі қолдаған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150224/330/330.html?id=26865597

Рубрика: