Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

imagesАлдағы уақытта Қазақстан ІІМ әріптік белгісі бірыңғай мемлекеттік нөмірлердің баж салығын арттыруы мүмкін. Яғни, көлігіңіздің нөміріндегі әріптік таңбалардың бірдей болғанын қаласаңыз, артық ақшаңызды қамдай беріңіз.
«Қазіргі таңда ІІМ «Жол қозғалысы мәселелері туралы кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасына әріптік белгісі бірдей мемлекеттік номерлердің баж салығын арттыру туралы толықтыру енгізуді жоспарлап отыр», — дейді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха. Оның айтуынша, жақын арада бұл мәселе өз шешімін табады. Сонымен қатар, ІІМ мамандарының айтуынша, сөйлеу мәдениеті мен айтылу ережесіне сай келмейтін белгілер мемлекеттік тіркеу номерлерінің әріптік комбинациясынан алынып тасталды.
Цифрлары бірдей VIP-нөмірлерді сату елімізде 2014 жылы 20 қазанда басталған болатын. Ол кезде 777, 001, 002, 003, 004, 005 және тағы да басқа VIP-номерлер туралы айтылған болатын. Айта кетейік, ерекше нөмірлердің бағасы ондағы сандардың орналасу тәртібіне қарай әр түрлі. Мәселен, 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлерінің құны – 451 896 теңге. Ал 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмірлері 271 534 теңгеге сатылуда.

Анар Лепесова

http://turkystan.kz/

Рубрика: